Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Еуразиядағы Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетуде. Қазіргі уақытта команда «Шығыс» конференциясының 10-орнында тұр және плей-офф ойын кезеңіне шығуға белсенділік танытуда. Турнирді жалғастыру үшін командаға 5 ұпай жетіспейді.
Құрлықтық лиганың 2016/2017 маусымында 27 қаладан келген 29 команда додаға түсуде. Олардың ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Латвия, Словакия, Хорватия, Финляндия хоккей клубтары бар. Лиганың бас жүлдесі - Гагарин кубогы.
«Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде «Барыс» хоккей клубының өз айдынында өткізетін ойындар көрсетілімдерін өткізеді.
7 қараша Барыс - Медвешчак (Хорватия) сағ. 19:20
10 қараша Барыс - Слован (Словакия) сағ. 19:20
13 қараша Барыс – Автомобилист (Россия) сағ. 16:50