• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2016

4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

552 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болады, деп хабарлайды egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 18-23, бірқатар аймақтарда 30 метрден асады. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 10 градус жылы болады. 4 қарашада түнде және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп күтілуде. Түнде және күндіз секундына 23-28 метр солтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні секундына 30 метрден жоғары болады. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.