Астанада алғаш рет теннистен «Теннис 10 жасқа дейін» республикалық турнирі ұйымдастырылды. Жарыс спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше санат бойынша өтті, деп хабарлайды Baq.kz.
Жарыстың бас судьясы Юлия Игнатченко аталмыш турнирдің басқа жарыстардан негізгі ерекшелігін атап өтті.
«Елордада алғаш рет «Теннис 10 жасқа дейін» республикалық жарысы ұйымдастырылды. Жарыс 3 санат: «Қызыл доп», «Сарғылт доп» және «Жасыл доп» бойынша өткізілді. Бұл жарыста спортшылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Сонысымен ерекше. Бүгін жарыстың жеңімпаздары белгілі болып отыр», - деді ол.
Республикалық теннис турниріне еліміздің барлық өңірінің жас спортшылары қатысты. Алайда үздік үштікке тек Астана мен Шымкент қалаларының теннисшілері енді.
Аталмыш турнир елімізде теннис спортын дамыту, жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.