• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2016

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

337 рет
көрсетілді

7 қараша күні Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтеді. Жиынға Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың жетекшілері, жоғары оқу орындарының ҚХА кафедралары мен орталықтарының меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысады. Отырыс шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналып өткізілген ең үздік ғылыми жобасы бойынша республикалық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады. Сондай-ақ отырыстың алдында Мұрат Әуезовтың «Времен связующая нить» атты кітабының және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған Ұлттық талдамалық шолудың таныстырылымы өткізіледі. Егемен-ақпарат