• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

«Kazsport» футболдан Испания чемпионатын көрсетеді

455 рет
көрсетілді

19-қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. "Спортсүйер қауымды, әсіресе футбол жанкүйерлерін қуантатын мына бір жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қойғым келеді. 19-қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды. Қазақстандық тарап үшін тиімді болған бұл келісімге трансляциялау құқығының иелерімен арадағы жүйелі келіссөздің арқасында қол жетіп отыр", деді министр. Сонымен қатар қалың көрерменнің сұранысына ие жобаларды отандық телевиязияға тарту жұмыстары одан әрі жалғаса беретінін жеткізді.