• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ Бірлескен мәлімдеме жасады

333 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Синдзо Абэге Қазақстанның  25  жылдығы қарсаңында Жапонияға ресми сапармен келуге арнайы шақырғаны үшін үлкен ризашылығын білдірді. «Жапония - Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашы болып мойындаған және ширек ғасыр бойы елімізге жан-жақты қолдау көрсеткен  ел.  Біз оны ұмытпаймыз. Жапониямен достық және серіктестік байланыс орнату менің саясатымның, Қазақстан саясатының басым бағыттарының бірі болды.  Біз бүгін алдағы уақытта жүзеге асырылтын көптеген мәселені талқыладық»,– деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екіжақты келіссөздер барысында саяси үнқатысуды белсенді жүргізу, барлық деңгейдегі қарым-қатынасты дамыту, өңірдегі қауіпсіздікті сақтауға арналған тетіктерді әлемдік деңгейде нығайтуға ықпал ету, сауда-экономикадық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту, жаһандық қауіп-қатерлерге бірлесе қарсы тұру мәселелері қаралғанын,  ал Бірлескен мәлімдемеде екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытудың стратегиялық жолдары айқындалғанын  атап өтті. Синдзо Абэ «Мен  Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Жапонияға келгені үшін ризашылығымды білдіремін. Себебі, Қазақстан Президенті Жапонияда сапармен осыдан 8 жыл бұрын болған еді. Өткен жылдың қазан айында қазақ еліне жасаған сапарым кезінде маған және менің зайыбыма айрықша құрмет көрсетілгені есімде. Келер жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық ынтымақ орнағанына 25 жыл толады.  Мен осынау ерекше жылдың алдында біздің кездесіп отырғанымызға, қос мемлекет әріптестігі арасында орнаған жылылықты тағы да сезінуге және екіжақты байланысты одан әрі жандандыруға бағытталған келіссөздерді жалғастыруға мүмкіндік алғанымызға қуанышты екенімді жеткізгім келеді»,– деді Жапония Премьер-министрі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.