• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2016

Ертең Президент Жапонияның бизнес өкілдерімен кездеседі

295 рет
көрсетілді

Ертең  Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапары аясында осы елдің бірқатар бизнес өкілдерімен кездеседі.  Кездесу аясында екі елдің экономикалық байланысы жан-жақты талқыланбақ.  Бұл туралы  Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэнің БАҚ өкілдеріне арналған Бірлескен Мәлімдеме кезінде айтылды. «Біз Синдзо Абэмен өзара келіссөз жүргізу кезінде қос мемлекеттің гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мәселесін де қарастырдық. Бүгінде Жапония мемлекетаралық,  оның ішінде Орталық Азиядағы мемлекетаралық байланыс архитектурасының қалыптасу үдерісіне қатысушы елдердің бірі.  Қазақстан бұл үдерісті  айрықша бағалайды.  Қазақстан мен Жапония БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Сондықтан бұл бірлескен жұмысты ядролық қаруға қарсы әлем құру бағытыда жалғастыру туралы уағдаластық.  Бұл біздің алдымызда тұрған жалпыадамзаттық міндет, сондай-ақ, біз жаһандану алға тартқан басқа да қауіп-қатерлермен бірлесе күресетін боламыз.  Біздің түпкі мақсатымыз – ядролық қарусыздануды және ядролық қаруды таратпауды іс жүзіне асыру», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Жапонияға Хиросимаға арнайы баратынын, ол жерде атом бомбасынан опат болғандардың рухына тағзым ететінін жеткізді. «Біз, қазақстандықтар ядролық қару зардабының қандай болатынын білеміз.  Семей ядролық полигонында болған жарылыстардың жалпы мөлшері Нагасаки мен Хиросимаға тасталған бомба жарылыстарынан 2 мың 500 есе асып түседі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.