• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Өміріміз өзгеріп, тұрмысымыз түзелді

561 рет
көрсетілді

Мен құрметті еңбек демалысындамын. Егемен еліміздің сонау өтпелі кезеңдердегі қиындықтарын бір кісідей білемін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы бол­ған 25 жылда әлеуметтік сала қарыш­­тап дамыды. Алыс ауылдардағы ауру­ханалардың материалдық-техни­калық базасы жаңартылып, жабылып қалғандары қайта ашылды. Көптеген денсаулық сақтау мекемелері пайда­лануға берілді. Облыста тек «100 ауру­­хана, 100 мектеп» мемлекеттік бағ­­дарламасы аясында ғана ондаған ірі нысан салынды. Қазір қай елді мекенге барсаңыз да, сыңғырлаған мектеп, ақшаңқан аурухана мен дәрігерлік амбулатория алдыңнан шығады. Тіпті, бір кездері жекенің қолына өтіп кеткен Мәдениет үйлері мен клубтар да күрделі жөнделіп, ауыл тұрғындарына  қызмет етуде. Жаңадан салынғаны да жетерлік. Облыс орталығында жаңадан пай­­­да­лануға берілген ауруханалар мен емханалар осы заманғы озық медициналық қондырғылармен жаб­дықталған. Соның арқасында облыс­та бұрын-соңды жасалмаған бүйрек ауыстыруға, жүрекке ота жасауға қол жетті. Бұл – денсаулық саласына Ел­басы Н.Назарбаевтың қолдау көр­се­туінің арқасы. Облыста бауыр ауыс­тыру да қолға алынды. Қазір өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептерді жаңарту бағытында тиянақты жұмыстар жасалуда. Таяу жылдары бұл мәселе де шешімін табатынына сенім мол. Себебі, биылдың өзінде қалада бірнеше орта мектеп, балабақша салынды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ондаған бала бақша ашылды. Соңғы жылдары бала туу көрсет­кіші арта түскені аңғарылады. Бұл қуанарлық жайт. Демографиялық жағдайымыз жақсарып келеді. Елімізде өмір сүру деңгейі көтеріліп, 73 жастан асты. Шыны керек, әлеуметтік сала­да­­ғы даму анағұрлым жоғары. Қа­зір­­­гі мектеп пен ондағы құрал-жаб­­дық­тар, компьютерлік техника мен интерактивті тақталар біздің ке­зі­міз­де түсімізге де кірмейтін. Осы­ның өзі еліміздің экономикалық қуат­тылығының айқын көрінісі. Манаш ТАСЕМЕНОВА, зейнеткер-ұстаз АҚТӨБЕ