• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2016

Қазақстан-Жапония: Ықпалдастықтың жаңа сатысы

432 рет
көрсетілді

Кеше Токиода Қазақстан Республикасы Президентінің Жапонияға ресми сапары шеңберінде 200-ден астамы жапон бизнесінің өкілі болып табылатын екі жақтан шамамен 350-дей компаниялардың қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес-форумы пішімінде өткізілген үкіметаралық комиссияның отырысы болып өтті. Үкіметаралық комиссия отырысын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі өткізді. Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров және Жапония Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер бойынша вице-министрі Хирофуми Катасэ іс-шарада негізгі баяндамашылар болды. Өз сөзінде Ерлан Хаиров Жапония­ның Қазақстандағы ең ірі шетел инвесторларының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта біздің елдеріміздің арасында экономиканың энергетика, логистика, машина жасау, фармацевтика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты секторында сомасы шамамен 4 млрд АҚШ долларынан асатын 25 бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні де Қазақстан Жапонияның іскер топтарын қызықтыратын жаңа ұзақ мерзімді жобалар ұсынып отыр. Бизнес-форум қорытындысы бо­йынша химия және мұнай-химия, инновациялық технологиялар, мем­лекет-жекеменшік әріптестігі, энергетика, қаржы, құрылыс материалдары өндірісі, туризм және сауда сияқты салаларда жалпы сомасы 1,2 млрд АҚШ доллары болатын 13 коммерциялық келісімге қол қойылды. Жапон жағының Қазақстан Республикасы аумағында стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды қаржыландыратыны туралы уағдаластықтар бекітілді. Мәселен,  Атырауда терафтал қышқылын және полиэтилентерафталат өндіретін зауыт құрылысы, Маңғыстау облысында жел энергиясы стансасы құрылысы және оны пайдалану, нейтронды сәулеленуді бірлесіп пайдалану және радиоизотоптар өндірісі. Болып өткен бизнес-форумда­ қазақ­­стандық делегация жапон әріп­тестеріне Қазақстанның 2015-2019 жыл­дарға арналған мемлекеттік индус­триялық-инновациялық даму ба­ғ­дар­ламасын, инвесторлар үшін эко­номиканың басым салаларын ынталандыру пакеттерін таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанда бизнес-жобалар жүргізу мүмкіндіктері, мемлекет инвесторларға ұсынатын преференциялар, экономиканың түрлі бағыттарының салалық әлеуеті туралы ақпараттар берілді. Бизнес-форумның жекелеген сессиясы екі ел арасындағы ұзақ мерзімді перспективадағы инвестициялық ынтымақтастық саласындағы бастамаларды талқылауға арналды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан-Жапония екіжақты қарым-қатынастарын неғұр­лым жоғары деңгейге шығара отырып, одан әрі ұлғайта түсу қажеттігін атап өтті. Жоғарыда айтылғандардың сыртында су ресурстары, экология, медицина, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, көлік және қала инфрақұрылымы саласында ынты­мақтастық орнату ұсынылды, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.