Қызылордада соңғы уақыттары атауы өзгерген көшелердің жалпы саны елуге жуықтайды, деп хабарлайды egemen.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Халық қалаулылары көшелердің жаңа атауларын бірауыздан мақұлдады. Мәселен, бұдан былай «Сәулет -35» көшесі тікұшақ апатынан қаза болған Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қазыбек Төремановтың есімімен аталатын болады. «Сәулет-8» көшесіне - қарымды қаламгер, мәдениет қайраткері, аймақтың мәдени-ағарту, руханият саласына өзіндік үлес қосқан атпал азамат Оразбек Мақсұтұлының есімі берілді. Сондай-ақ, «Набережная», «Дачная» деген секілді көшелердің барлығы тұлғалардың және қазақы есімдермен аталады.