16 қарашада республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстігінде күн ашық.
Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с күшейеді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 23 м/с жетеді, бұрқасын.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жел соғып, 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.