• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Ангела Меркель төртінші рет сайлауға түспек

254 рет
көрсетілді

Ангела Меркель Германия канцлері лауазымына төртінші мерзімге сайлауға түсетін болды. Бұл туралы Меркельдің партиясы - Христиандық-демократиялық одағы (ХДО) өкілі Норберт Реттген хабарлады. ГФР-де канцлер сайлауы 2017 жылғы күзде өтеді,-деп хабарлайды РИА Новости. "Меркель сайлауға түсуге және әлемдік либеральды тәртіпті нығайтуға  ықпал етуге дайын. Канцлер - басты ойыншы ретінде Батыстың саяси тұжырымдамасының тірегі. Сондықтан ол жауапты көшбасшы  ретінде сайлауға  түседі", - деді Норберт Реттген. Ол Христиандық-демократиялық одағының бас хатшысы Петер Таубермен және парияның басқарушы директоры Клаус Шюлермен жаңа сайлау науқанына дайындық туралы талқылады. Ангела Меркель 2005, 2009 және 2013 жылдары сайлауда жеңіп шыққан.