Астаналық «Барыс» сырт алаңдағы Құрлықаралық хоккей лигасы чемпионатының матчында санкт-петербургтық СКА командасынан 0-9 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Атап өтсек, бұл «Барыстың» маусымдағы бірінші рет ойсырай ұтылуы емес. Қазан айында қазақстандықтар өз алаңында Ярославтың «Локомотивінен» 1-8 есебімен сүрінген еді. Сонымен, СКА-дан қирай жеңілген «Барыс» клубтың антирекордын орнатты.
Дегенмен, ірі жеңілісіне қарамастан «Барыс» плей-офф кезеңіндегі ойынын жалғастыра береді. Оның қоржынында 29 матчтан кейін 40 ұпай бар.