• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Шымкентте "Хан Шатырға" ұқсас кешен ашылмақ

432 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi Ж. Түймебаев Шымкенттегі «Көне қалашықты жаңғырту» жобасымен танысты. Қала әкiмi Ғ.Әбдiрахымовтың айтуынша, Шымкенттiң жасы мен тарихынан сыр шертетiн орынды қалпына келтiру, көгалдандыру, халыққа қызмет көрсететiн орындар ашу арқылы туристер тарту iсi қолға алынуда. «Көне қалашықты жаңғырту» жобасымен таныстырған белгiлi дизайнер-суретшi Жанат Елубаева бұл жердi шығыстық үлгiдегi демалыс орны етуге мән берiлiп отырғанын айтады. Этномәдени кешеннiң сырт келбетi Астанадағы «Хан Шатырға» ұқсайды. «Кешен аумағына облыстағы киелi орындардың макеттерiн де орнату қажет. Қ.А.Ясауи, Арыстанбаб, Домалақ ана, Бәйдiбек баба ескерткiш - кесенелерiнiң макетi қойылса, келген туристер өңiрдiң шежiрелi тарихымен танысып, суретшiлер шеберханасын аралап, айналасындағы шығыс базарынан тәттiлер сатып алатындай мүмкiндiктердi қарастырған абзал. Барлық шет елдерде осындай тарихи орындарды этномәдени кешен, қалашық ету арқылы турист тарту iсiне мән берiлген. Шымкентте де соны жасау керек», - дедi аймақ басшысы. Шымкент қаласының әкiмi сонымен бiрге көне қалашықтың құрылысына байланысты алдағы кезде Д. Қонаев даңғылын Ташкент даңғылына жалғау, Ш.Қалдаяқов көшесiн ұлғайту, әр көшенiң бойынан кiшiгiрiм гүлзарлар ашу жоспарда барын жеткiздi.