• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Әлеуметтік инвестициялар – корпоративтік қайырымдылық факторы

464 рет
көрсетілді

Астанада «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен бірінші корпоративтік қайырымдылық форумы өтті. Халықаралық сарапшылар, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнесмендер, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері өз пікірлерін білдіріп, идеяларымен және тәжірибелерімен алмасты, сондай-ақ, бүгінгі күні қайырымдылық көрсету қандай болуы тиіс, оған жұмсалған қаражатты барынша тиімді пайдалану үшін не істеу керектігі жайында өзекті сұрақтарға да жауап берілді. Егер осыдан жиырма шақты жыл бұрынғы, бизнес жаңа туындай бас­та­ған уақытқа көз жүгіртер бол­сақ, қай­ы- р­ым­дылық көрсету жүйесіз жүр­гіз­і­ліп, тек атаулы, яғни «сұрады-бердік» при­н­ципі ба­сым болды, дегенмен уақыт өте келе қа­йырымдылық шара­лары мен бағ­дар­ламалары тәрізді, кө­мекке зә­ру жа­н­д­арға көмек көрсету түр­ле­рі жұмыс іс­тей бас­тады. Енді міне, ком­мерциялық ұйым­ның әлеуметтік жо­баларды қолдауы мен мұқ­­таж жан­дар­­­ға ерікті түрде көмектесуі, яғ­ни кор­­поративтік қайырымдылық тү­сі­ні­гі өмі­­рімізге дендеп енді. – Біз ұзақ мерзімге жұмыс істейтін ком­­па­ния ретінде халықпен, кә­сіп­ке­р­­­­- лер­­мен және мемлекеттік органдар­мен өза­ра тиімді қарым-қатынас ор­на­туға мүд­де­ліміз – деп атап өтті, «Са­мұрық-Қазына» АҚ басқарма тө­рағасы Өмірзақ Шөкеев бі­рі­нші пле­нар­лық отырысының ашылуын­да. – Біз бар­ған өңірлерге тек жұмыс орын­да­рын құруға ғана емес, сонымен қатар мамандардың жетілуіне күш салуға, лайықты мұрагерлер тәр­биелеуге, жер­гі­лік­ті өндірісті қол­дауға, өмір сүру үшін қо­­лайлы жағ­дай жасауға, еліміздің ай­мақ­­та­рында тұрақтылық пен өсімі қа­м­­та­ма­сыз етуге де ниеттіміз. 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін олар соғыс ардагерлері, әлеу­мет­­­тік әл­сіз және мүгедек адамдар, күр­­­делі диаг­ноз қой­ылған балалар, ба­лалар үйінің тәр­бие­ленушілері, бел­сен­ді жастар, спорт қо­ғамдастығы, шы­ғармашылық және ғы­лы­ми зиялы қау­ым өкілдері арасынан 400 мың адам 70 млрд теңге көлемінде кө­мек ал­са, тек 2016 жылдың өзінде 200 000 адам­ға кө­­мек көрсетіліп, 15 млрд тең­ге жұм­сал­ды, бұл бұрынғыға қа­ра­ғанда әл­де­қай­да тиімді. Бүкіл әлем атаулы қайы­рым­ды­лық­­тан ақыл­ды қайырымдылыққа, яғ­ни әлеу­мет­тік инвестицияларға кө­шіп жа­­­тыр. «Samruk-Kazyna Trust» қоры да 2016 жы­лы «Менің елім» бағд­ар­ла­ма­сын әзірлеп, іс­ке қосты. Бұл қайырымдылық бағ­дар­ла­ма­­сы нау­қандар неме­се бір жол­дық жәр­демдердін басқару құ­рал­да­­рының бо­луымен ерекшеленеді – мақ­саттары мен міндеттері ай­қын­далуы тиіс, алын­ған нә­тижесінің ба­ғалануы талап етіледі. «Ме­нің елім» жобасының не­­­гізгі мақсаты – инвестицияларды тиім­­ді басқару, ком­па­ния­лар, жер­гі­лік­ті атқарушы ор­гандар жә­не аз­ама­т­тық сектордың ара­сындағы бай­ла­ныс­ты нығайту. Форум аясында презентациялар, семи­нарлар, талқылау алаңдары өт­кізілді. «Донорлар форумының» ат­қарушы директоры Александра Бол­дырева, Константин Хабенский­дің Қайы­рымдылық қоры­ның директо­­ры Алена Мешкова, «Газ­пром неф­ть» ЖАҚ әлеуметтік және қай­ы­рым­дылық жобалары бағытының же­тек­шісі Владимир Шутилин тәрізді қай­­ы­рымдылық саласындағы белгілі тұ­л­­­­ғалар қайырымдылық қызмет­тің тиім­­­ді­лігін өлшеу құралдары жайын­да баян­дап, корпоративтік во­­­лон­тер­лік­ті да­мыту қа­жеттілігін ал­­ға тарт­ты. Форум аясында бірқатар келелі ке­­лі­сімдерге қол қойылды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамы­ту қоры Дін істері және азаматтық қо­ғам министрлігімен, Қазақстан халқы Ассам­блеясымен және Павлодар облысы әкім­дігімен бірлескен жоба­лар­ды жүзеге асы­ру мақсатында ынт­ы­мақ­тас­тық туралы меморандумдар бекітті. – Форумда қайырымдылық көр­сету жүйелі болуы керектігі туралы маңыз­ды идея айтылды, – деді «Ерікті қайы­рым­дылық қоғамы» қоғ­амдық қо­ры­ның директоры Аружан Саин. – Бар­лы­­ғына жететін ақша жи­нау мүмкін емес, сондықтан да егер біз церебралды сал ауруы бар бал­а­ларды ерте оңалту орта­лықтарын қам­туды мақсат етсек, онда елімізде тиісті орталықтар салу қа­жет, ал егер кейбір онкологиялық ау­ру­ларды емдей алмайтын болсақ, он­да біз­дің дәрігерлерге тәжірибеден өту­ге мүм­кіндік беруіміз керек. Менің ұс­­та­ны­мым, еліміздегі бар бюджетті тиім­ді пай­далану қажет, ал бизнес бұл мә­се­ле­де эко­номикалық тәжірибесімен кө­мек­тесе алар еді. Бұл алаңда барлық үш жақ­тың да өкілдерінің белсене қатысуы та­маша, өйткені бірлесе отырып біз қайы­рым­дылық саласында серпіліс жасап, жеңіске жете аламыз. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»