• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Қазақстан табыстарына шынайы қуанамыз

159 рет
көрсетілді

Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістігі өзбек халқына жақсы таныс. Кезінде Кеңес Одағының құрамында болған бұл ел өз тәуел­сіздігін алғаннан кейінгі аз уақыт­тың бедерінде тұралап қалған эконо­микасын қалпына келтірді, дамуда оң секіріс жасап, осы өңірдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда көш ілгері кетті. Бұл, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Ол парасатты көшбасшы, тә­жіри­белі сая­саткер ретінде Қазақстан дамуының әртүрлі кезеңінде мем­лекеттік жүйені құру мен оны қалып­тастыруда дұрыс қадам жа­сауға тырысты, бұл қадамдар елде бар маңызды ресурс­тарды тиімді пайдалана отырып, алда тұрған міндеттерді шешуге айтарлықтай дәрежеде ықпал етті. Сол кезде, әрине, өз аяғынан нық тұра қоймаған жас мемлекеттің дамуы үшін биліктің Президенттің маңайына шоғырланғаны маңыз­ды еді. Себебі, Н.Назарбаев жүр­гіз­ген саясаттың нәтижесінде елді жаңғыртудың бірінші және екін­ші кезеңінен сәтті өтуге, сол арқы­лы әлемнің 50 дамыған елінің құ­рамына кіруге жол ашылды. Алайда, өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Ал жаһандану заманы алға тартқан өзгерістер мүлдем жаңа қадамдарға баруды талап етуде. Осы орайда, Қазақстан да өз алдына ауқымды мақсат-міндеттер қойып, 2050 жылға қарай, «2050» Стратегиясы арқылы 30 дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуді көздеп отыр. Қазіргі таңда біртіндеп іске асырылып келе жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған. Де­ген­мен, бұған қол жеткізу қазіргі бас­қару тетігін жетіл­дірусіз және биз­нес-ортаның көк­жиегін кеңей­тус­із әсте, мүмкін емес. Елді жаһандық тұрғыда бәсе­кеге қабілетті етуге, сондай-ақ, Төр­тінші өндірістік революция дең­гейіне көтеруге бастайтын Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы эконо­микалық өсудің жаңа моделін әзір­леуді талап етуде. Сол себепті, қазір­гі таңда мемлекет өзін жақсы менед­жер ретінде көрсете алуы керек. Ал бұл ретте Қазақстан көш­­бас­шы­сының алысты болжай біле­тін көрегендігі кезекті мәрте таң­даныс туғызуда. Жолдау – бұл тек алдағы уақыт­та мемлекет ұмтылатын «басым­дықтар шоғыры» ғана емес, онда терең талдау-сараптау негізін­де қазіргі жағдай мен елдің эко­но­ми­ка­лық әл-ауқатын айқындап, барлық бағыттар бойынша мемлекетті да­муға алып келетін кешенді әдіс-тәсілдер көр­сетілген. Осы орайда, мен Жолдауда ай­тылған институттық қайта жаңару­лар мәселесіне айрықша тоқта­лар едім. Себебі, Президенттің өз өкі­­­леттіктерінің біраз бөлігін Пар­ламент пен Үкіметке беруі, сол ар­қылы билік тармақтары арасын­дағы теңгерім­ділік жүйесін құруы олардың жауап­кер­шілігін, сәйке­сінше, жұмыс тиім­ділігін артты­ратын болады. 25 жылдың ішінде Қазақстан қоғамының өзіне тән жүйесі қалыптасты, ал ол дәл осын­дай реформаларды жүзеге асыруға оң әсер ететіні сөзсіз. Біз Қазақстан жеткен табыстарға шынайы қуанамыз. Қазақстанда институттық реформалардың сәтті жүзеге асырылуы көршілес елдерге тек оң ықпал етіп қана қоймай, жал­пы алғанда, Орталық Азия айма­ғының дамуына да өзгеше серпін береді деп ойлаймын. Алишер АЛИМОВ, сарапшы