• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Әлемді мойындатқан Әлия

464 рет
көрсетілді

Спорт деген сиқырлы әлемнің есігін алғаш қаққанда Әлия Мейрамғалиева сегіз жаста еді. Содан бергі өмірі осы саламен сабақтас. Уақытында менменсіген талай мықтының мысын басқан саңлақ спортшы атанды. Қазір талантты ұл-қыздардың талабын ұштар білікті бапкер. Өзін спорт жанкүйерімін деп санайтын аймақ тұрғындарына оның есімі таңсық емес. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында барған жарысынан жүл­десіз қайтпайтын балуан қыз­дың өнеріне сүйсініп, таңдай қақ­паған адам кемде-кем. Самбо, дзюдо, қазақ күресі секілді спорт­тың жекпе-жек түрлеріне жетік Әлия өзінің бұл саладан алыс­та­майтынын бала күнінде-ақ түсінген. «Әкем Жұмабек Мейрам­ғалиев – Павлодар облысында алғаш болып самбо күре­сінен спорт шебері атанған жан. Қа­зақ­станға танымал жаттық­тырушы. Оның бауырлары да, нағашыларым да күреспен айналысқан. Осындай ортада тәрбие көрген менің спортшы болмауым мүмкін емес еді. Иә, алғашында акробатикамен шұ­ғ­ылдандым. Алайда, қан­ға сің­ген балуандық қасиет мені күрес залына тартты да тұрды. Әкем қарсы болды. «Балуан­дық қыздарға тән емес», деді. Ақыры «Қызығушылығың түбі бір басылар» деп жолыма көл­денең тұрмады. Бірақ, алған бетімнен қайтпадым. Алғаш­қы жаттықтырушым наға­шым Аслан Мунтынов болды. Спорт­тағы жолым осылай басталды», дейді Әлия Жұмабекқызы. 1994 жылы бұрынғы Юго­славияның (қазіргі Босния және Герцеговина) Нови сад қа­ласында самбодан әлем бірін­ші­лігі өтті. Бұл сынға Әлия Мей­рам­ғалиева да қатысып, өз сал­мағында чемпион атанды. Әлемді мойындатқан қазақ қызы кейіннен дзюдо күресіне ауысты. 1996-2004 жылдар аралығында дзюдодан Қазақстан Ұлттық құ­ра­масының белді мүшесі болып, ел намысын қорғады. Жеткен жетістіктері де бір төбе. Бірнеше мәрте ел біріншілігінде чемпион атанды. Түркия, Ресей, Гру­зия және басқа да мемлекет­тер­де ұйымдастырылған бай­рақ­ты бәсекелерде топ жарды. 2001 жылы Жапонияның Осако қаласында өткен Шығыс Азия ойындарында қола жүлдені қа­нағат тұтты. Ел намысын ерлерше қор­ғаған Ә.Мей­рамғалиева үлкен спортпен қош айтысып, бап­­керлік жолға түсті. Қазір ол – «Батыр» балалар мен жас­өспірімдер спорт мек­тебінде дзюдо күресінің жат­тықтырушысы. Сондай-ақ, Павлодар мемлекеттік педа­гогикалық институтында дәріс береді. Күреске икемі бар қыз-жігіт­терді балуандыққа баулып жүр­ген ол өз шәкірттерімен де мақ­танады. Мәселен, Наталья Козина есімді шәкірті дзю­до, самбо және қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құра­масы­ның белді мүшесі. Алтынай Темір­­болатова – қазақ күресінен 2016 жылғы ел чемпионы. Келе­шегінен зор үміт күттіретін спортшының бірі Әйгерім Құттыбай облыс біріншілігінде үздік атанып жүр. Бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. «Бапкерліктің жүгі ауыр. Спортшы ұтса да, ұтылса да өзі үшін жауап береді. Ал жаттық­тырушы керісінше, біреу үшін жауапты. Бұл – үлкен жауап­кершілік. Бапкерлердің кілемдегі шәкірті үшін күйіп-пісетіні де сондықтан. Шәкіртің айтқан ақылыңды ұқса жақсы. Кеңесіңе құлақ түрмесе, кілемге өзің шығып алыса кеткің келеді. Мықты спортшы атану бапкерге байланысты. Сол себепті шәкірттеріме қатал талап қоя­мын», дейді Әлия. Әлия Жұмабекқызы Бауыр­жан Тұрсын­қанбетовпен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Жұ­байы аймақтың спорт сүйер қауы­­мына жақсы таныс. Бауыр­жан Айт­қалиұлы – қазақ күре­сінен Павлодар облысы жас­өс­- пірімдер құрамасының аға жаттық­тырушысы. Об­лыстық спортта дарынды ба­лаларға арналған мектеп-ин­тернатта жұмыс істейді. Ұлдары Арлан мен Әділ де күрес­пен айналысады. Екеуі де Абай атындағы №10 лицейде оқиды. Ата-анасы оларға зор сенім артып отыр. Фархат ӘМІРЕНОВ, журналист ПАВЛОДАР Суретті түсірген Дархан ӨМІРЗАҚОВ