• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Құнды деректер Мәскеу мұрағаттарында сақтаулы

285 рет
көрсетілді

Жуырда Қарағанды мемлекеттік тех­ни­­калық уни­вер­си­тетінде «Алашор­да» үкіметінің 100 жыл­дығына және ХХ­ ғасырдың 30-50 жылдардағы сая­си қуғын-сүргін құр­бан­да­рын еске алу мақ­­сатында «Алаш қоз­ғалысы: ұлттық интел­ли­ген­ция жә­не ста­лин­дік қуғын-сүргін» ат­ты ЖОО аралық ғы­­лыми-тә­жі­ри­бе­лік кон­ференция өтті. Алқалы жиынға еліміздегі ір­ге­лі ғылым және білім беру ұй­ым­­­­да­рынан 145-тен астам баянда­ма ке­ліп түскен. Конференция жұ­мы­сы­на елімізге белгілі ғалымдар қа­тысты. Басқосуды ҚарМТУ рек­­торы Марат Кеңесұлы Ибатов аш­ты. Ол өз сөзінде: – Биылғы жылы «Алаш» қоз­ға­лысының құрылғанына 100 жыл то­луына орай Алаш зия­лы­ларының мұ­раларын зерделеу және оны жан­дандыру шаралары қол­ға алыну­да. Өйткені, олар бү­гін­­гі біздің қол жеткізіп отыр­ған тәу­елсіздігіміздің мұ­рат­та­рын, сая­си-құқықтық, ұлт­тық құн­ды­лықтарға қа­тыс­ты көз­қа­рас­та­ры мен тұ­жырымдарын сол кез­дің өзінде-ақ айтып кеткен. Біз де осы шараға үн қосу үшін әрі «Алаш­тың» 100 жылдығын сол за­манмен ғана шектеп қоймай, бү­гінгі тәуелсіз мемлекетіміздің та­рихымен, ұлттық идеямызбен бай­ланыстырып, осынау жиынды ұйым­дастырғанды жөн санадық, – деді. Іс-шара барысында оқыл­ған баян­дамалардың дені «Алаш» қоз­­­ғалысының та­ри­хын­дағы эво­лю­цияға тоқталып, олар­дың мұраларының ішінде әлі де болса зерттелетін құнды дү­ние­лер көп. Тек көп құнды құ­­жат­тар Мәскеу мұра­ғат­та­рында қа­лың қағаз астында көмулі жатыр. Дәл қазіргі уақытта оны аршып алып, қа­лың бұқараға көрсету үшін отандық ғалымдарымыздың то­лықтай мүмкіндігі болмай жат­қан­дығын тілге тиек етті. Келелі кеңеске ұйытқы бол­ған ҚарМТУ-дың ға­лым­д­а­ры, атап ай­т­қанда Қазақстан та­рихы ка­фе­д­ра­сы­ның мең­ге­рушісі, тарих ғы­­лы­м­да­ры­­ның кандидаты, доцент С.Қасымова «Нығмет Нұр­ма­қов – мақтанышы, ар-на­мы­сы қазақтың» баяндамасын ұсы­нып, конференцияға қа­ты­су­­­шы­лар­ды тың деректермен та­­ныс­­тыр­ды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық универ­си­т­е­тінің профессоры, тарих ғы­лым­дарының докторы Сатай Сыздықов «Уақытша үкімет тұ­с­ында билікке келген Алаш қай­раткерлері ауылдарда ко­опе­­ра­тивтер ашуды белсене қолдап отыр­ды. Мысалы Ә.Бөкейханов Қос­танай губер­ниясын басқарғанда көп­теген кооперативтерді ашуды қол­дағандығы, іс қағаздарына қол қой­ғаны архив материалда­рында жиі кездеседі», – деді. Конференция өз жұ­мы­сын Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бі­лім және ғылым ми­нистрлігіне жыл сайын елі­­­міздің жоғары оқу орын­­­­да­­­рында «Алаш» қоз­ға­­лы­сы қай­­­рат­керлеріне ар­нал­ған кон­­фе­рен­ция­лар өт­кізу, «Алаш» қоз­ға­лы­сы көш­бас­шы­­­­­лары туралы то­лық метра­ж­ды деректі және көрк­ем фи­­­льм­дер түсірілімін ұйым­дас­­­ты­­ру сияқты ұсыныс-ті­лек­­тер­мен аяқ­тады. Шын мәнінде аталмыш жиын­нан түйіп шық­қа­­­­ны­мыздай, «Алаш» қоз­ға­­­­лы­сы­ның негізгі идея­­сы әл­де­қайда бұрын өмірге ке­­ліп, күні бүгінге дейін «елім, же­рім» деп ұлт бола­ша­ғын ойлаған отан­­шыл аза­мат­тардың елін про­грес­ке ба­ғыт­та­ған жал­пы­халықтық де­мо­кра­тиялық қоз­ғалыс еді. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ