• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Рухани құндылық қайнары

756 рет
көрсетілді

Бүгін – Дүниежүзілік кітап күні Қазіргі таңда аға буын өкілдері тарапынан «Кейінгі жастар кітап оқымайтын болып бара­ды» деген пікірді жиі еститін бол­дық. Замандастарымыз­дың қолы­нан қолдан-қолға өтіп тозған том-том кітаптарды көр­мей­тін болған­дықтан, бұл пікір­дің жаны бар. Енді соңғы кезде қалыптас­қан «Кітап оқымағанның не зия­ны бар, онсыз да мал тауып, адам боласың ғой» деген сыңаржақ пікірді терістеп көрелік. Біріншіден, кітап оқып, ілім іздемеген адам міндетті түрде, ақша табуға, кез-келген нәрседен пайда табуға үйір болады. Бар ақыл-есі қалай­да мал тапсам деген ниетке ауған мұндай адам аяныш, өкініш деген ұғымдарды сезбейтін, өркөкі­рек, менмен, сауатсыз күйінде қа­латыны белгілі. Осыдан отыз-қырық жыл бұ­рын қазақ кітапты көп оқитын. Ел аузында жаңадан шыққан кі­тап­тың аты жүретін. Жұрттың бәрі жаппай соны іздеп, тауып алып оқуға құмартатын.  Алдың­ғы ұр­пақ адал махаббатты бастан кешіп, шынайы сезімнің не екенін түй­сі­ніп өскен. Өзгелердің алдын­да білімсіз көрінбеу үшін, намыс­қа ты­рыс­қан.  Қысқасы, олар кітап оқы­ғандықтан, мінездерінде бия­зы­лық, баянды өмірге ұмты­ла­тын­дай жұмсақтық, елгезектік бар еді. Енді кітап оқу кісіге не береді дегенге келсек, кітап – ең ал­дымен, адам тағдырына алаң­дау­ды үйре­теді. Ондағы сандаған кейіп­кер­лер­дің тартысты өмірі, шытыр­манға то­лы тағдыры ой­лантады.  Өзге­лер­дің өміріне бейжай қарамайды. Кітап – бейбітшілік орнық­тыру­шы құрал. Егер біз осы қалпымызбен кітап оқымай кете беретін болсақ, көкірегінде өмір өрнегі азайған, идея, мораль қа­йыршылығына ұшыраған ұрпақ өсіп шығуы мүмкін. Ендігі бір мәселе – бізде оқи­тын кітап бар ма? Әдебиетшілер аңсайтын бұрынғы әдебиеттің ал­тын дәуірінде туған туын­ды­лар­ды да қазір ешкім оқымайды. Ха­лық­тың кітап оқуға құлқы жоқ. Абай мен Шәкәрімді, Махамбет, Мұх­тар Әуезов пен Ғ­абит Мүсі­репов­ті,  Ілияс Есенберлин мен Бер­дібек Соқпақ­баевты, Мұқа­ғали Ма­қатаевты, Мұхтар Ма­ғауин мен Тахауи Ахтановтарды оқымаған адам – бүгінгі әдебиет өкілдерінің де туындыларын оқы­майды. Ал, әдебиет бұқараның ығына жы­ғыл­са,  бүгінгі жастар жабылып оқитын «дүниелер» жазыла берсе, онда рухани құлдырау басталар. Енді нақты не істеу керек дегенге келсек: егер, сізді бейбіт өмір мен отбасыңыздың ертеңгі бақыты алаңдататын болса, бүгін бірінші «құрбандығыңызды» шалыңыз. Ол «құрбандық» 1-2 мың теңгенің мөлшерінде ғана болмақ. Барыңыз да, кітап дүкенінен «Батырлар жы­рын» немесе Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» сатып алып, бала­ңызға оқытыңыз. Оқымаса, «Ертең­гі қасіреттен жақсылыққа бастай­тын бүгінгі айғай артық», деп жо­лын табыңыз. Күні бойы теледидар мен компьютерден көз алмайтын баланы ұзақ отырып кітап оқуға бір үйрет­сеңіз, отбасы бақытының кепілі сол. Рухани тұрғыда байыған, қазақтың салиқалы мінезін ұнатқан бала – ертең бәле-жаладан аман болады. Шыңғыс ҮМБЕТАЕВ, Семей мемлекеттік педагогика­лық институтының қызметкері.