• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

«Шын мәнінде бақытты ел»

382 рет
көрсетілді

Анатолий СПИЦЫН, экономика ғылымдарының докторы, РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы: «ШЫН МӘНІНДЕ БАҚЫТТЫ ЕЛ» Біз мәскеулік мейман Анатолий Спицынды Петропавл қаласындағы Достық үйінде кездестірдік. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қадағалауға келген шетелдіктер арасынан бұрыннан білетін танысымыздың жылы жүзі мен нар тұлғасы көзімізге оттай басылды. Ол осында орналасқан халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерімен байланыс орталығында өтетін баспасөз мәслихатына келген екен. Аз-кем үзілісті пайдаланып, сауалдарымызды қоя бастадық. – Анатолий Тихонович, әлем аса ықылас қойған ма­ңыз­ды саяси шара да аяқтал­ды. Қазақстандықтар Мемлекет басшысы Н.­Ә.На­зар­баев­қа тағы да зор сенім білдірді. Тарихи сайлаудан не көріп, не түйдіңіз? – Қолдағы деректер бойын­ша Қызылжар өңіріне 60-қа   жу­ық халықаралық байқаушы­лар келген екен. Бұдан тысқары рес­публикалық және жергілікті қо­ғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың байқаушылары мен президенттікке үміткерлер­дің сенімді өкілдері, журналистер болды. Бұл мәліметтер Қазақстандағы сайлауға бұрын-соңды осыншалық ерен ынта-ықыластың, қызығушылықтың болмағанын байқатады. Түмен және Қорған облыстары делегация құрамына білікті маман­дарын, тәжірибелі саясаткерлерін қосқан. Соған қарағанда Қа­зақстаннан үйренуге, келесі жылы өтетін президенттік сай­лауға іс-тәжірибе алмасуға келген сыңайлы. Басы ашық мәселе, сайлау барынша жариялы, ашық, әділ түрде өтіп, байқаушылар көңі­лінде ешқандай күмән-күдік қал­дырмады десе де болады. Мені ерекше тәнті еткені – сай­лаушылардың саяси ерік-жі­гері­нің жо­ғарылығы, са­на­лы түрде өз таң­дауларын жасауы. Сайлау учаскелеріндегі кезекке қа­рап-ақ солтүстік­қа­зақстандықтарды да елдің келешегі толғанды­ра­тынын, бейжай қал­дыр­май­­ты­нын аң­ғар­дым. Олардың 97 пай­ыздан астамы өз тағдырларын қа­зіргі Президентпен байла­ныс­тыруының өзі 20 жыл ішінде атқарылған ұлан-ғайыр істерге берілген баға іспеттес. Әсіресе, қаржы дағдарысы кезінде де тү­зу жолдан адастырмай, эконо­ми­калық саладағы білгір, реформатор екенін жан-жақты көрсете білді. Мен Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауымен де, сайлауалды бағ­дарламасы­мен де жан-жақты таныспын. Қазақстандағы саяси оқиғалар мен реформалық өз­ге­рістерді әр­кез бақылап оты­рамын. Қа­зақ­стандықтар ұйға­ры­мы­ның бір арнаға тоғысуы елін әлемдік өркениетке бастап келе жатқан Көшбасшысына деген берік сенімде жатса керек. – Сіз не себепті Солтүстік Қазақстан об­лы­сына бай­қау­шы болып келдіңіз? – Туып-өс­кен жерім Крас­но­дар өлкесі бол­ға­нымен, сана­лы ғұмырым­ның ширек ға­сы­рын осы өңір­де өткіздім. Одес­са­да­ғы инженер-құрылыс инсти­ту­тын бітіргеннен кейін ком­со­мол­дық жолдамамен келдім. Ең­бек жолымды кәсіптік-техни­ка­лық училищеде ұстаздықтан бас­тап, комсомол, партия жұ­мыс­тарына араластым. Облыс­тық атқару комитеті төраға­сы­ның орынбасары, облыстық пар­тия комитетінің хатшысы секілді жауапты қызметтер атқар­дым. Осы жерде балалы-шағалы болдым. Кейін қызмет бабымен Мәскеуге ауысып, ғылымға біржола ден қойдым. 200-ге тарта монографиялық еңбектерім жа­рық көрді. 15 ғылым докторын, 40 ғылым кандидатын даяр­ладым. – Сөзіңізге қарағанда, Қа­зақстан, Елбасы жөнінде көп білетініңіз аңғарылып тұр. – Менің Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­мен қызметтес болғанымды біреу білер, біреу білмес. Біраз жыл Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқардым. Ол кезең еске түссе, тіпті тебіреніп кетемін. Нұрекеңнің жа­нын­да жүріп, көп нәрсе үйрен­дім, тағылым алдым, шапағатын көрдім. Әріден ойлап, кеңінен толғайтын сұңғылалық, саясаткерлік, ел басқарудағы зор қа­рым-қабілетін терең тани түстім. – Былтыр сізге «Солтүстік Қазақстан облысының құр­мет­ті азаматы» мәртебелі ата­ғы берілді ғой. – Мұның өзі мен үшін күт­пеген сый болды. Азды-көпті сіңірген еңбегімді бағалағанға алғысым шексіз. Мен де осынау құрметке құр қол келмеуді ой­ластырып, қазақтың «сыйға – сый, сыраға – бал» деген кәде жолын жасадым. Елбасының таңдамалы шығармаларын екі томға топтастырып, Мәскеуде шығардым. Алғашқы тұсауке­се­рін Қазақстанда өткіздім. Ре­сейліктердің де Н.Назарбаевқа деген құрмет-ілтипаты ерекше. Біздің институт мәскеуліктер ара­сында социологиялық сауалдама жүргізгенде жауап беруші­лердің үштен екісі әлемдік деңгейдегі зор саяси тұлға ретінде бағалаған болатын. – Қызылжар өңірінен қан­дай әсермен аттанып ба­ра­сыз? – Мен үшін Қазақ елі – екінші Отаным. Былайша айтқанда, «ауылым аралас, қойым қора­лас». Ал менімен бірге келген әріптесіме солтүстікқазақстан­дық­тардың тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру сапасы керемет ұна­ды. Қашан кеткенше ауа райы қатал болса да, адамдары жылы жүзді, мейірімді, қонақжай, ақ­жарқын екен деген сөзді қайталаумен болды. Қайда жүрсем де, Қазақ­стан­ды ұмытпаймын, мақтан етемін. Әлемдік картадан ойып тұрып орын алған мемлекеттің жасам­паз­дық қуатына, жарқын бола­ша­ғына бәріміз қызыға қарай­мыз. Осынау жарқын жетістіктерді Нұрсұлтан Әбіш­ұлынсыз көзге елестету мүмкін емес. Осындай Көшбасшысы бар Қа­зақ елі шын мәнінде бақытты. Тура жолдан адас­пайтын­да­рыңызға кәміл сенімдімін. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.