• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2011

Исламдық қаржыландыру бағытындағы қадамдар

458 рет
көрсетілді

Исламдық қаржылан­ды­ру үдемелі индустриялық-ин­но­ва­ция­лық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бас­­ты құ­ралының бірі бо­лып табы­лады.   Осыған байланысты Қа­зақ­стан Үкіметі Таяу Шы­ғыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен инвестор­лар­ды, осы бағдарламаны іске асыруға исламдық қар­жы институт­тарын тарту, сонымен қатар исламдық қаржыландыру тетіктерін да­мыту бойынша жос­парлы жұмыс жүргізіп келеді.  Қазақстанның мұсылман елдерімен қызмет етуін да­мытуға және бекітуге ықпал ететін басты оқиғаларға Қа­зақ­станның Ислам Конфе­ренциясы Ұйымына төраға­лық етуі және алғаш рет осы жылдың 7-9 маусымы күн­дері ТМД кеңістігінде VII Дүниежүзілік ислам эконо­ми­калық форумын өткізу жа­татынын атау қажет.  Қазақстан ТМД және Ор­талық Азия кеңістігінде ис­ламдық қаржыландыруды да­мыту үшін заңнама база­сын енгізген, бұл Қазақстан үшін Орталық Азия өңірінде исламдық қаржы хабы бо­луға жағдай жасайды.  2009 жылы ақпан айында исламдық банктерді ұйым­дас­тыру, олардың қызметі және исламдық қаржы­лан­дыруды ұйымдастыру тура­лы Қазақстан Республи­касының қабылдаған заңы елде ислам­дық банктерді, исламдық ин­вестициялық қор­ларды ашу үшін, сонымен қатар ислам­дық бағалы қағаздарды шыға­ру үшін мүмкіндіктер жасап отыр.  Қазіргі уақытта дүние жү­зінде исламдық бағалы қағаз­дар­дың 20-дан аса түрлері бар. Қазақстандық заңнама­мен исламдық ба­ғалы қағаз­дары қатысудың исламдық сертификат­тары­мен (сукук аль-мушарака) және ислам­дық жалға беру сертификат­тарымен (сукук аль-иджара) берілген.  Бұған қоса, ел Үкіметі ис­ламдық қаржыландыруды тар­ту тетігін құру үшін заң­на­малық базаны жетілдіру бойын­ша жұмыс істеуде. Қа­зіргі уақытта исламдық баға­лы қағаздардың (сукук) әлеуетті эмитеттерінің тізбесін кеңейту бөлімінде ислам­дық қаржыландыруды ұйым­дас­тыру мәселелері бойынша Қазақстан Респуб­ликасының заң жобасы қай­та қаралуда.  Қазақстан ислам әлемі елдерінде экономикалық, саяси және мәдени бағытта бола­ша­ғы бар серіктестерді та­уып отыр. Осы бағытта белсенді бірқатар қатысу­шылар да бар.  2010 жылдың наурыз айы­нан бастап Қазақстанда «Al Hilal» бірінші исламдық банкі қызмет етуде. Қазақ­стан­ның Даму банкі «Amana­­Raya Malaysia» ма­лай­зиялық мемлекеттік ком­паниясы­мен және «Fattah Finance» қа­зақ­стандық компаниясы­мен бірге шағын және орта бизнесті қолдауға арнал­ған екінші исламдық банк­т­і құру жөнінде мә­лім­деді (2010 жылы «Қазақстан­ның Даму банкі» АҚ Қа­зақстанда ортақ екінші Ис­ламдық банкті құру туралы «Fattah Finance» АҚ және «Amanah Raya Berhard» өзара түсіністік туралы меморан­думға қол қойған). Қазіргі уақытта осы жобаның тех­никалық-экон­омикалық негіздемесі әзір­ленуде.  Сонымен қатар «Ислам­дық қаржыландыруды дамы­­ту ассоциациясы» ОЮЛ қыз­мет етеді, исламдық қаржы­ландыру бойынша мамандан­дырылатын бірқатар қазақ­стан­дық компанияларды біріктіреді (ОФ Такафул Сақ­тан­дыру; Istisna’a Corpora­tion Ltd.; IFBTC – Бизнес пен оқытуды қаржы­ланды­рудың исламдық орталығы; IFI  ис­ламдық консалтингтік компа­ниясы және т.б.). Бұдан басқа, 2010 жылы «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС «Al Hilal» исламдық банкі» АҚ-пен үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағ­дар­­ла­­масы шегінде жүзеге асы­рылатын жобаларды іске асы­ру үшін исламдық қар­жы­лан­дыруды тартуға ба­ғыт­талған келісімге қол қойды. Осы келісім шегінде «Al Hilal» банкіне ҮИИДМБ-да «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жобалары бойынша ақ­параттар қаралу­ға ұсынылды.  Бұған қосымша «Ama­nah­­Raya», «Kaznex Invest» АҚ және «Fattah Finance» АҚ қаржы тобы Қазақ­станда «халал хабы» – халал тауарлар мен қызмет көрсе­тулердің ло­гис­тикалық ор­та­лы­ғын құру жөнінде өзара ынтымақ­тас­тық туралы ме­морандумға қол қойды.  Ислам даму банкінің то­бымен қызмет ету бағытын­да белсенді жұмыс жүргі­зіліп келеді. Астанада VII Дүние­жүзілік ислам эконо­ми­калық форумы барысын­да банк Қа­зақстан үшін дайындалған се­рік­тестіктің елдік страте­гиясының тұ­сау­кесерін өткі­зу жос­пар­ланып отыр.  Асылхан СЕРІКОВ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы.