• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2011

«Көліктер» қазақша сөйледі

651 рет
көрсетілді

Сенбі күні Астанада «Керуен» ойын-сауық орталығында қазақ тіліне дубляждалған алғашқы голливудтық жоба «Көліктер-2» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Оны еліміздің өңірлерінен екі жүзге жуық жасөспірімдер келіп тамашалады. Аталмыш шараға Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты. Ана тілімізде балаларға ар­налған базарлықты ұсынар ал­дында мінбеге шыққан жоба бастамашысы және идея ав­то­ры, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек Елбасы Н.­Ә.На­зар­баев­тың құттықтау хатын оқып берді. Онда былай делінген: «Қадірлі көрермен! Қым­батты балғын, бүлдіршіндер! Бүгін әлем балаларының ор­тақ көзайымына айналған гол­ливудтық мультфильм ал­ғаш рет қазақ тілінде сөй­лейді. Сондықтан, «Уолт Дисней» компаниясының «Көліктер – 2» мультфильмінің бүгінгі тұң­ғыш көрсетілімін мемлекеттік тілдің аясын дамыту ісінде үлкен оқиға деп білемін. Мемлекеттік тіл – ұлысты ұйыстыратын негізгі ұстын­дар­дың бірі. Сондықтан, оны бүгінгі жас ұрпақ еркін меңгеруі тиіс. Тіл бала жастан бойға те­рең сіңеді. Осыған байланысты, біз «Балапан» бағдарламасын қа­былдап, бүлдіршіндерге арналған жаңа телеарна ашылды. Қазақ тілі – тамырын тереңге тартқан ерекше бай, көркем тіл. Ол бүгінде жан-жақты дамып, халықаралық тілге айналу үстінде. Бүгінгі оқиға да соның бір айғағы. Мен «Болашақ» қауым­дас­тығы, «Меломан» компаниясы және «Алтын қыран» кор­по­ра­циясының бірлескен бұл жобасы қазақ тілінің дамуына қосылған елеулі үлес деп білемін. Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғын­да балғындарға осындай тарту жасап, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлаған баршаға алғыс айтамын. Бұл бастама алдағы уақыт­та да жалғасын тауып, жас ұрпақ игілігіне жарай береді деп сенемін. Балаларымыздың рухани азы­ғы­на айналар туындылар көбейе берсін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, 11 маусым, 2011 жыл». Елдегі қай іске де бас­та­ма­шыл болып жатқан «Бо­лашақ» қауымдастығы екені жоғарыда айтылды. Иә, оның   стипен­диат­тары Мемлекет бас­­шы­сы­ның қолдауымен 1994 жылдан бастап шет елдерде оқып, бірнеше тілді меңгерген мамандар. Соның нақты көрінісі  мына «Уолт Дисней»  компа­ниясы  туын­ды­сын олардың  қа­зақша сөй­летуі дер едік. Сонымен қа­тар бұл жоба «Болашақ» тү­лектерінің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына сыйы екенін де айта кеткен абзал. Мұнан кейін туындының қазақ дубляжының режиссері Айжан Жам­шитова: «Біздің мемлекет қазақ тілін өркендетуге барынша жағдай жасап отыр. Расында, қарап отыр­сақ бізде демеуші де бар, қол­дай­тын  «Болашақ» қауымдастығы да бар. Міне, Мәдениет министрінің өзі де келіп отыр. Мұның барлығы да, әрине, шығармашылық топ өкіл­деріне серпін берері сөзсіз. «Уолт Дисней» көрермендерге ұнау үшін сондай керемет мульт­фильмдер шығарып жатыр. Енді бәрі өзіміздің қолымызда. Соны қазақ тіліне жақсылап аударып, кинотеатрларда көрермендер толып отырып осы мультфильмдерді көр­се, ол біз үшін үлкен бақыт деп білеміз», деді. Ана тілінде мультфильмді та­ма­шалауға келген балғындардың қуаныштарында шек жоқ. Қойы­лым аяқталысымен бір-біріне іш­ін­дегі қызық оқиғаларды айтып мәре-сәре күй кешіп жатты. Со­ны­мен бірге, олар өздеріне арнайы дай­ындалған сый-сыяпаттан да кен­де болған жоқ. Астаналық бал­дырған Нұртас Жәркешев «Кө­ліктер-2» мультфильмінен ерекше әсер алғанын айта келе, оны барлық балалар көрсе екен деген тілегін жеткізді. Жалпы «Уолт Дисней» әлемдік киностудиясы өз жобаларында от­басылық құндылықтарды, қара­пайымдылықты насихаттайды. Сон­дай-ақ бұл компания осыған дейін 38 тілде дубляж жасаған екен. Ал қазақ тілі сәйкесінше ресми түрде 39-шы тіл болып отыр. Түркі әлемінің ішінде «Уолт Дисней» өнімдері бұған дейін түрік тілінде ғана дубляж жасалған көрінеді. Тұсаукесерден бір күн бұрын журналистермен баспасөз мәсли­хатын өткізген шығармашылық топ өкілдері оның шығу барысы жа­йынан біраз мағлұматтар бер­ген-ді. Жобаның қолға алынға­нына бір жылдан аса уақыт өткен екен, ал соңғы жарты жыл ішінде дауыстар жазылып дубляжда­нып­ты. «Уолт Дисней Компани ТМД» бас ди­ректоры Марина Жигалова-Озкан өз өнімдерін қазақ тілінде ұсыну аталмыш компаниядағы би­ылғы жылдың ерекше оқиғасы екенін айта келе: «Біз кейіпкерлері түрлі тілде сөйлейтін әлемдегі көшбасшы кинокомпаниямыз. Қа­­зақ тілінде шығарылған жаңа нұс­­қаға да басқа тілдерге қоятын та­лаптарды қой­дық. Фильмді жа­рық­қа шығару мақ­сатында өте жақсы жұмыс тобы құрылды. Онда АҚШ, Ресей, Ұлы­британия, Қа­зақстан өкілдері жо­баны жү­зе­ге асыру бойынша бірталай ең­бек­­тенді. Туындыны өз тілінде тама­шалаған көрермендердің қуа­нышы бізге де ортақ», деді ол. «Меломен Хоум Видео» атқа­ру­шы ди­рек­торы Вадим Голенко болса, «Көліктердің» алғашқы бө­лімі бір жыл бұрын шығып, екінші бө­лі­мін күтіп жүрген­дік­те­рін айта келе: «Қатты қобал­жу­да­мыз. Әйтсе де балаларға ұнайды деген сенімдеміз. Өйткені бұл фильмді дуб­ляждау барысында көп­теген адам­дар тер төкті», деді. Дубляж жасау кезінде 30-дан астам жеке дауыс қолданылыпты. Жазу үдерісі Алматыдағы «Уолт Дис­ней Компани ТМД» компания­сының «Синема Тон Продакшн» сту­диясында жазылып, соңғы монтаж Лондондағы «Shepperton» сту­дия­сын­да жасалыпты. «Көліктер-2» мультфильмінің кейіпкерлерін қа­зақша дыбыстағандар қатарында Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғапаров, Ны­шанбек Жұбанаев және Азамат Қа­напияев бар. Мультфильмді шы­ға­ру­шыларға, әсіресе, Қанапияев ды­быс­таған Мэтр ерекше ұнаған кө­рінеді. «Біз естіп көрген Мэтр­дің ең үздіктерінің бірі», дегенді айтады олар. Бұл жобаға «Алтын қыран» қорынан бөлінген демеушілік қара­жаттың көлемі 16-17 млн. теңгені құрайды. Анима­ция­лық осы ту­ын­ды 23 маусымда еліміздің 43 ки­но­театрында қатар көрсетілмек. Иә, еліміздің ертеңгі болашағы кейінгі буын ұрпақ десек, олардың ана тілінде өздеріне арналған ту­ындыны тұшына көрулері үшін жа­салып жатқан осындай қадам­дар тек құптаудан тұрады. Балғын­дарымыздың қазақша ойлап, қа­зақ­ша сөйлеулері үшін олардың сүйікті мультфильмдерін ана тілінде ауық-ауық назарларына ұсынып тұрғаннан ұтарымыз көп. Ұрпақ үшін жасалған игі жұмыстар еш­қашанда өз маңызын жоймақ емес. Аталған туындыны тамашала­ған­да­ғы ой бізді осыған жетеледі. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,  Венера ТҮГЕЛБАЙ.