• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2011

Инновациялық мектеп Маңғыстауда халықаралық мәжіліс өткізді

485 рет
көрсетілді

Ақтауда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ак­ционерлік компаниясы мен «Қазақстан ядролық қоғамы» ассоциациясының ұйым­­дас­тыруымен І халықаралық иннова­ция­лық мектеп конференциясы болып өтті. Аймақ­тың жүрегі атанатын «МАЭК-Қазатом­пром» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігі­нің базасында бес күнге со­зылған бас­қо­суда аталмыш конференцияға қоса өн­ді­рісті өңір үшін ерекше маңызға ие мәсе­ле­лер­ді арқау еткен «Энергия, химия және су» атты дөңгелек үстел ұйым­дас­ты­рыл­ды. Алқалы жиынға Қазақстан, Ресей, Ұлы­­британия, Германия, Франция, Бельгия сияқты елдердің индустриялық және инженерлік компанияларының жетекші ма­мандары, ғылыми орталықтары мен уни­­ве­рситеттерінің өкілдері қатысты. Әң­гі­ме арқауы Ақтау және Павлодар қала­ларында инновациялық химиялық кластер құру, энергияны үнемдеу технология­лары­ның тәжірибесі мен даму жайы атом электр стансасын жобалаудың заманауи тех­нологиялары, ВБЭР-300 реакторлық қон­дырғысына арналған ядролық тұщыту­дың синергетикалық тиімділігі және жал­пы «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындары­ның инновациялық даму мәселесін талқы­лау болды. Қазақстандағы алғашқы инновация­лық мектептің ашылу салтанатында «Қаз­атом­өнеркәсіп» ұлттық акционерлік ком­пания­сы» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник Елбасының тапсырма­ла­ры­на орай атом өнеркәсібі, энергети­ка­дағы ғы­лы­ми-техникалық даму саланың эконо­ми­калық тиімділігін қамтамасыз етіп, бәсе­кеге қабілеттілігін арттыру жайы ту­ра­лы әңг­і­ме­леді. Ал еліміздегі алғашқы иннов­а­ция­лық мектептің Ақтауда ашы­луы­ның да өзін­дік себебі бар. Өйткені, Маңғыстауда әлемде алғаш рет жылдам нейтронды БН-350 реакторы салынып, іске қосылды. Маң­­ғыстауда әлемге алғаш рет теңіз суы тұщытылып, халық кәдесіне жаратылды. Күні бүгінде өндірісті өлке соны жаңа­лық­тар мен серпінді жобалар аймағына айна­лып отырғандығын тілге тиек етті. Облыс әкімі Қырымбек Көшер­баевтың аймақтағы индустриялық-инно­ва­циялық және инвес­ти­циялық жобалар­дың жүзеге асуы, басқо­су­дың басты та­қырыбы болып отырған энергетика сала­сының өзекті мә­се­лелерін қамтыған хабарламасы жи­нал­ғандар қы­зы­ғу­шылы­ғын тудырды. Бұл реттегі соңғы да, елең еткізер жаңалық өңірде «Жел электр стан­сасын салу» инвестициялық жо­басы бол­ды. Аталмыш игі шара энер­гия­ның бала­малы көздерін пайдалану ар­қылы электр энергиясы тапшылығы проб­ле­масын шешуге негіз болатындығы кө­ңіл­ге қонды. Және де бұл жобаның қазір­дің өзінде жү­зеге асыру қолға алынып, Оң­түстік Корея­ның «DMK-Ko» компания­сы­мен арада меморандумға қол қойылып, техни­калық-экономикалық негіздемелер жасау бастал­ғаны айтылды. Сондай-ақ өңір басшысы қарқынды дамып келе жат­қан аймақ үшін аса қажетті энергия көзі саналатын МАЭК-тің құрал-жабдық­тары ескіріп келе жатқа­нын ескеріп «Осы кәсі­п­орын базасында қуатты бу-газ энер­гия бло­гын салу жоба­сының кейінге қал­дырылып келе жатқан­дығы және де қарқынды даму­дағы аймақ үшін аса қажетті осы энергия көзін тездетіп салу­ды «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ком­пания­сы іскерлік пен істі алға жүр­гізу­дің жол­дарын қарастырса деген ұсыныс айтылды. Төрт күнге созылған инновациялық мектеп конференциясы мен «Энергия, химия және су» тақырыбындағы дөңге­лек үстел отырысында отыздан астам баяндама тыңдалды. «САС» инженерлік фирма­сы­ның директоры В.Шпайзер, Бельгияның SCK-CEN ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры Х.Абдеррахим, Ұлыбри­та­нияның «Nuvia Limited» компаниясы­ның өкілі Д.Уэллс және басқалар сөз сөйлеп, ой-пікір таластырып, тәжірибе алмасты. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық акционерлік компаниясының басшысы Владимир Школьниктің айтуынша бұл бас­қосудағы әңгіме ауқымды да, маңы­зды­лығымен ерек­шеленді. Өйткені, халық­аралық дәре­жедегі мәжілістерде атом электр станса­ла­рын жо­балаудың заманауи технологиялары, энер­гияны үнем­деудің жолдары, суды өңдеу мен тұщы­ту­дың жаңа химиялық техно­ло­гиялары, радиоактивті қалдықтарды реттеу аспектілері, наносутегілік энерге­ти­каны дамыту перспективалары, Қазақ­стан­да баламалы энергетиканы дамытудың жолдары жан-жақты сөз болды. Қорыта айтсақ, Маңғыстау ядролық-энергетикалық саланы дамытуда жетекші орын алатын аймақ. Және де мұнда осы сала бойынша қол жеткен жетістіктер де мол. Оған қоса қазір шетелдік серіктес­тер­дің қызығушылығын арттыра түсіп отыр­ған бірнеше инновациялық жобалар қолға алынып жүзеге асуда. Осыларды ескерсек өз жұмысын жемісті аяқтаған І халық­ара­лық инновациялық мектеп конферен­ция­сы, дөңгелек үстел отырысы осы саладағы әріптестер арасындағы іскерлік байланыс­тар мен өзара қарым-қатынастарға игі ық­пал ететін пайдалы басқосу болғаны сөзсіз. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.