• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Мүмкіндік сыйлаған «Мейірім»

227 рет
көрсетілді

Кеңес кезінде балалар немесе жас­өс­пірімдер үйі атауы берілген әлеу­мет­тік мекемелерге қаржылай қол­дау көр­сетілгені рас. Солай бола тұрса да, мұндағы тәрбиеленушілерге кәдімгі отбасылық адами қарым-қатынас, алақан мен жүрек жылуы жетіспей жатты. Мұндай кереғар­лық бесіктен белдері шығып үлгер­мей, тағдыр тепері­шіне тап болған бүл­діршіндердің жүре­гін жібітуге септігін тигізе алмады. Ең бір қынжыларлығы, олар 17 жас­қа толғаннан кейін мемлекеттік меке­ме­ден шығарылды. Осы кезде бала­лар үйінің түлектері не істерін білмей, бастарын тауға да, тасқа да соқты. Сөйтіп жүріп, кейбіреулері адасып, аяқтарын шалыс басты. Әрі теріс іс-әрекеттерге бойларын үйрете бастады. Балалар үйі тәр­бие­ленушілерінің өмір жолын дұрыс айқындай алмауына кәдімгі отбасы үлгісінен тым алыс тұрғаны, еңбек тәрбиесінен тыс қалғаны, адами мейі­рім мен қамқорлыққа бөлен­бегені, бір сөзбен айтқанда, дербес өмір сүруге бейімделмегені басты себеп болды-ау деген ой келеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жетім балаларға отбасы үлгісіне сай тәрбие беру жолдары белгілене бастады. Оның жарқын мысалдарын Ақтөбе облысынан да таба аламыз. Атап айтқанда, өңірдегі «Мейірім» жас­тарды әлеуметтік бейімдеу орта­лығы жетімдер мен ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалғандарды 17 жас­қа толғанда шығарып жібермей, уақыт­ша тұрғын үймен қамту мақ­сатын көздейді. Бұл тәртіп өзара келі­сім­­шартқа негізделген. Бұған дейін бала­­лар үйінде болғандар орталықта 29 жас­қа жеткенше әлеуметтік тұрғыдан бейім­делу кезеңінен өте алады. Сондай-ақ, олардың қатарында жетімдер санатын­дағы даму мүмкіндіктері шектеулі жет­кін­шектер де бар. Мұнда оларды іші­нара жұмыспен қамту шаралары белгіленген. Республикамызда еш­қан­дай баламасы жоқ бұл жобаны «Сәби» қайырымдылық қоры Ақтөбе облысы әкімдігімен бірге іске асырды. Аталған қор жетекшілері жеке қаражаты есебінен жастарға арнал­ған әлеуметтік бейімдеу орталығы­ның сәулетті ғимаратын салып, сыйға тарт­­­ты. Осынау келісті кешеннің ішкі жаб­­­дық­­­тарымен қоса есептегендегі жал­­­пы құны 1 миллиард 500 мил­лион теңге құрайды. Мұндағы әрқайсы­сы 43 шаршы метрді құрайтын бір бөл­ме­лі сексен пәтер негізінен 18-29 жас ара­лығындағы жастарға арнал­ған. Екі кіреберісі бар таунхаустар­дан тұра­тын қос қабатты ғимарат­тың төмен­гі бөлігі арбасыз қозғала алмай­тын мүге­дек балаларға арнал­ған. Біз «Сәби» қайы­рымдылық қоры­ның құрылтай­шысы Кеңес Рақы­шевке жолық­қан едік. Ой-пікірін төмендегіше тарқат­қан ол: – Қалай дегенде де кеңестік дәуірде орныққан балалар үйлерінің мүмкіндігі тым шектеулі болғаны ешкімге де құпия емес. Шағын әрі тар бөлмелерде 5-6 бала бірге тұрды. Бұл түлектер үшін аса күрделі мәселелерді туындатып келді. Ең бастысы, мұндай жағдайда оларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу дегеніңіз бос әңгіме болып қалар еді. Оның үстіне бұл үрдіс бір күннің немесе бір айдың емес, бұдан да көп уақыт алатынын ескерген жөн. Бізге әлеуметтік-бейімдеу орталығы ғимаратын тұрғызу жоспары осыдан кейін туып еді, – деді. Ізгілік, мейірімділік пен қайы­рымдылықты алға қойған азаматтың айтуынша қомақты қаражатты қажет еткен айрықша нысанның құрылы­сын екі кезең бойынша салу белгілен­­ген. Оның бірінші кезеңінің пайда­лану­ға берілу сәті өткен 2016 жылдың 16 желтоқсанына, яғни Тәуелсіздіктің 25 жылдық торқа­лы тойына тұспа-тұс келіпті. Ал екінші кезеңі алдағы наурыз айына белгілен­ген. Орта­лықта оның тұрғындары­ның әлеу­меттік-психологиялық тұрғы­дан өмірге икемделе білуінің бар­лық алғы­­­шарт­тары қаланған. Жетім бала­лар­ға ар­налған өзге әлеуметтік мек­е­мелер мен құрылымдардан басты ар­тық­шылығы – бейнебір үйдегідей жайлы жағдайлар жасалған. Біз орталықтан «Мейірім» десе, мейірім екен-ау деген ой түйіп шықтық. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ