Рухани келісім күні аясында ел аумағында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру туралы игі бастаманы таяуда Халықаралық «Рухани келісім конгресі» қоғамдық қорының президенті, Парламент Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов көтерген болатын. Бұған дейін рухани келісім күні аясында ел аумағында жалпы саны 60 000 отандасымыз қатысқан қайырымдылық шарасы өткен еді. Биылғы жылы да осы дәстүрді жаңғыртып, қайырымдылық акциясын жаңғырту қажеттігі туралы ұсынысты Астана қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар да қолдап, өздерінің отандастарға үндеуін таратты. Үндеуде былай делінеді.
Құрметті қазақстандықтар! Отандастар! Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған биылғы айрықша жылда біз қасиетті тәуелсіздіктің адамдар бойынан қандай шығармашылық екпін, қандай тың күштер ашқандығының куәсі болудамыз.
Тарих қойнауына енген бұл жылдар аралығында біздің халық өзінің ұлтаралық қарым-қатынастың тепе-теңдігін сақтай отырып, бейбіт өмір сүре алатын қонақжай ел екендігін көрсете білді, жаңа рухани бастамаларды тудыра алды. Осындай бастамалардың қатарында Рухани келісім күні атты ерекше мереке де бар, айта кетерлік жәйт – дәл осындай ерекше күн әлемнің бір де бір елінде жоқтығы. Бұл бастама 1992 жылы 18 қазанда Алматы қаласында өткен I Бүкіләлемдік Рухани келісім күні аясында көтеріліп, ел тарапынан қолдау тапқан еді. Арада бес жыл өткенде 1997 жылы осы мерекеге орай мерекелік дастарқан Қазақстанның түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып, оған жалпы саны 60 мың адам қатысқан еді. Олардың бәрінің басын бір жерге қосқан бірлік, ізгілік пен қайырымдылық, жетімдерге, қарттар мен жалғызілікті жандарға, науқас жандар мен мүгедектерге деген оң ниет болатын.
Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани келісім қозғалысына берген жоғары бағасын мақтан тұтамыз, осы күні өзінің барша қазақстандыққа деген ізгі тілектерін де жолдаған еді.
Құрметті отандастар, Рухани келісім күні аясында біз баршаңызды, қайырымдылық қағидаларын сақтай отырып, бір-бірімізге көмек беруге, қайырымдылық қажет кезде сүйеу болуға шақырамыз. Бұл адам өзінің жаны ізгі пенде екенін түсінетін, Жаратушы иенің «берген адамның қолы семіп қалмайды» деген сөздерін негізге алу керек.
Демеушілік – бұл тек қана жақсы ықылас емес, бұл ізгілік пен қайырымдылықтың жүректен шыққан шынайылығы. Бұл егер шын жүректен шыққан игі қасиеттер болса қайырымдылыққа қол жеткізген адамның да жүрегіне ізгілік нұрын себері сөзсіз. Осы арқылы адамдар арасындағы рухани байланыс орнайды.
Біз бүгін кәсіпкерлерді, саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін және дінбасыларын, республикамыздың барлық азаматтарын 18 қазан күні өтетін қайырымдылық астарға атсалысуға шақырамыз. Дастарқан басында бір үзім нанды бөліп жеудің біздің халық үшін қандай мағынасы барын бәріміз де білеміз. Бұл күн біздің баршамыз үшін рухани келісімнің мерейін көтерген, ұлт пен дінге бөлінбей бірге атап өтетін мерекеге айналсын.
Үндеуге белсенді жастар атынан қоғам, ғылым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қол қойған.