• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Шілде, 2017

Хаттама электронды үлгіде толтырылады

513 рет
көрсетілді

Кеше елордада электронды хаттамаларды енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске қосу шарасы өтті. Жаңа жобаның мақсаты әкімшілік өндірісті электронды форматқа ауыстыру болып табылады. Аталған іс-шараға еліміздің Бас прокуроры, Ішкі істер министрі, Астана қаласы әкімі мен Астана қалалық ІІД бастығы және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиында белгілі болғанындай, енді жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін хаттаманы толтыруға адамның ЖСН енгізуі жеткілікті, қалғандарын жүйенің өзі тауып береді. Бұл орайда сөз сөйлеген Бас прокурор Жақып Асанов: «Жыл сайын еліміз бойынша 4 миллион шамасында әкімшілік іс қозғалады. Олар бойынша 64 мемлекеттік орган хаттама толтырады. Бұл істерді соттан басқа 50 уәкілетті орган қарастырады, яғни осы салаға барлық мемлекеттік аппарат және еліміздің әрбір төртінші тұрғыны тартылған. 2016 жылдың ішінде жалпы сомасы 64 млрд болатын 3 миллион айыппұл салынған, бұл – барлық әкімшілік істердің 75 пайызы. Мемлекет  басшысы Жолдауында цифрлы технологияны жетілдіруді тапсырған. Сол себепті бүгін ІІМ бірлесіп, хаттамаларды электронды ресімдеу бойынша жобаны іске қосамыз. Бірінші кезеңде тек жол қозғалысы ережесін бұзуды қарастырамыз», – деді.

Ал өз кезегінде осы сындарлы іске пікір білдірген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов: «Электронды хаттама айыппұлдарды жылдам әрі ыңғайлы ресімдеуге мүмкіндік береді, бұл азаматтар мен полиция қызметкерлерінің уақытын үнемдейді, сондай-ақ, полицейлерді қағазбастылықтан арылтады. Деректер қорымен тікелей жұмыс жасау құқық бұзушы туралы да, көлік құралы туралы да барлық қажетті ақпаратты жедел алуға, құқық бұзушылықтың қай­таланып  жасалуын ескере отырып, оны дұрыс саралауға мүмкіндік бере­ді. Әкімшілік іс жүргізуді электрон­ды форматқа ауыстыруды дамыту қажет деп есептеймін, бұл жазалау­дың бұлтартпастығы қағидатын және қоғам­дағы құқықтық тәртіпті қалыптас­тыруды жүзге асыруға мүмкіндік береді», – деді.  

Ал аталған жобаның азаматтар үшін тиімді жағына келсек, олар: уақытты үнемдеу, яғни бар болғаны 3-5 минутта ресімдеу, айыппұлды төлегеннен кейін оны растаудың қажеті жоқ, оны төлеген адам сенімді болады, өйткені санкциялармен жүйкесін тоздырмайды, іс бойынша қозғалғаннан бастап айыппұлды төлегенге дейінгі барлық мән-жайлар туралы хабардар етіледі. Жалпы, бұл ресімдеудің артықшылығы – оның ашықтығы, қосып жазуларды болдырмау және іс жүргізу құқығын сақтау. Сонымен қатар, аталған жобаның мемлекет үшін тиімді жағы қағаз бастылықтан арылу, істі қозғау және қарау кезінде сыбайлас жемқорлық пен сөзбұйдалықты болдырмау, жазалаудың бұлтартпастығы, мүлдем төзбеу принципін жүзеге асыру, жаза тағайындау және оны орын­дау мерзімдерін сақтау, істің жоға­лып кетуінің мүмкін болмауы, айып­пұлдарды өндіріп алуды 80 пайызға дейін жоғарылату болып табылады.

«Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» дегеніміз бұл әкімшілік істердің материалдарын сақтауға арналған  ақпараттық жүйе. Оның қауіпсіздік деңгейі жоғары, қағаз нұсқаны толықтай алмастырады. Бұдан басқа аталған жүйеде бірізді әрекеттердің алгоритмінен тұратын әкімшілік істі құру бойынша, яғни әкімшілік іс қозғалған уақыттан бастап салынған әкімшілік жазаны орындағанға дейін,  сонымен қатар әкімшілік айыппұлды төлеу, барлық шектеулерді алып тас­тай отырып, алынған дәлелдемелер, оның ішінде фото, аудиожазба, бейнекескін, сондай-ақ, басқа да файлдар мен бағдарламалық құжаттар туралы мәліметтерді біріктіруге мүмкіндік беретін тетік енгізілмек.

Александр ТАСБОЛАТ, «Егемен Қазақстан»