• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Шілде, 2017

Талап бар жерде ғана тәртіп болады

213 рет
көрсетілді

Жыл сайын Қазақстан жолдарында жол-көлік оқиғаларынан мыңдаған адам зардап шегіп жатады. Оның себебін жолдардың нашарлығымен қазақстандық автокөліктердің айтарлықтай бөлігінің тозығы жеткендігімен түсіндіруге болады. Ал соның ішінде ішімдік ішіп алған мас жүргізушілердің іс-әрекеттерін тіпті еш ақтап алуға болмайды. Өйткені, ондайлар өздерінің ғана емес, өзгелердің де тағдырына балта шабады. Бұл сөзімізге Ақмола облысында жүргізілген алдын алу шаралары дәлел.

Түнгі уақытта Көкшетау­да­ғы көңіл көтеретін орындардың бі­рінде дабыл қағылып, авто­пат­­­­руль экипажы лезде әлгі дәм­­хананың алдына жетеді. Сол маңда жүрген қоғамдық тәр­­­тіпті бұзушы, полиция қыз­мет­­­к­ерлерінің ескертпесіне де қа­­­рамай, тіпті қол жұмсамақ та болыпты. Ақырында 33 жас­­­тағы ер кісі ұсталып, ме­ди­­ци­­на­лық анықтама алу үшін на­р­­ко­логиялық зерттеу­ге жі­бе­­ріледі. Зерт­теу қо­ры­тын­­ды­сы оның жеңіл түрдегі ал­ко­­гольді ішімдік ішіп алға­нын анықтаған. Енді орын ал­ған оқиға бойынша ҚР ҚК 380-бабының 1-тармағына сәй­кес (билік өкіліне қатысты күш көрсету) іс қозғалып, уа­қыт­­ша оқшаулау орнына қа­мал­ды. Қосымша сараптамалар та­ғайындалып отыр. Егер қыл­­мысы толық дәлелденсе, онда ол 2000 айлық есептік көр­сет­кіш кө­лемінде, яғни 4 миллион теңге айыппұл тө­леуі немесе екі жыл бас бос­тан­ды­ғынан айырылуы мүм­кін. Әри­не, ол мұндай қыл­­мыс­қа ал­когольді ішімдік ішіп ал­ған соң ғана барып тұр. Есін жи­ған соң өкінер, бірақ жұрт­ты біразға дейін әбігерге сал­­ған бұзақының жазасы да өз әрекетіне лайық екені анық.

Көшеде масаң жүріп бұ­за­қылық жасау өз алдына, авто­көлік руліне отырып, үл­кен жолға шығып кеткен жүр­гі­зушілердің төндірер қаупі он есеге арта түседі десек қа­те­лес­­пейміз. Ағымдағы жыл­дың алты айында 9 жол-көлік оқи­­ғасынан 3 адам қаза тауып, тағы 12-сі жараланыпты. Осы­ған орай шілденің 6-сы мен 9-ы аралығында Ақ­мола об­­лысында «Салауаттылық бақылауы» атты жол-көлік апа­ты­­ның алдын алу шарасын өт­кізу нәтижесінде 70-ке тарта ақмолалық жүргізушінің рөл­ге масаң күйде отырғаны анықталды.

Бар-жоғы төрт күн ішінде жүр­гізілген алдын алу шара­ларының нәтижесінде 1265 жол жүру ережесі бұзылған. Со­ның ішінде 424 факті жыл­дам­дықты арттыруға қатысты бол­са, қауіпсіздік белбеуін тақ­­паудың – 288, қалта те­ле­фо­­­нын пайдаланудың – 109, қар­сы жолаққа шығып ке­ту­дің 1 фактісі және жаяу жүр­гін­­шілерге жол бермеудің 14 фак­­тісі тіркелген. Бұл ретте 86 жа­­яу жүргіншіге де айыппұл са­лын­ғанын айта кетейік.

Жалпы, полиция қызмет­кер­­­лері алкоголь адам ағ­за­сы­на теріс әсер беріп, зейі­нін бұзатынын үнемі ес­ке­р­тіп ке­леді. Бірақ оған құ­лақ асқан жүр­гізуші болсай­шы. Ішім­­дікке сылқия тойып алған жүр­­гізушілер әр түрлі бұ­зу­шы­лықтарға: жыл­дам­дықты арт­­тыруға, тәуекелді басып озу­­лар­ға барып, жол белгісі мен бағ­даршам белгілерін де ес­кере бермейді.

Мысалы, 2 шілдеде ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясы ба­­та­­льонының қызметкерлері Бу­­рабай ауданының орталығы –Щучинск қаласына баратын жол­дың бойында «ВАЗ-21099» маркалы авто көлікті тоқтатқан кезде, рульде отырған 1989 жыл­ғы жергілікті тұрғынның ал­когольді ішімдік ішкенін анық­таған. Тек­­­сере келгенде, ұсталған жүр­­­­гізуші бұған дейін сот ше­шімімен 36 айға көлік құ­ра­лын жүргізу құқығынан ай­ырылғаны белгілі болды. Қа­зір­гі таңда оның үстінен ҚР ҚК 346-бабының 1-тармағы бой­ын­ша (Алкогольдік, есір­ткілік және (немесе) ток­си­команиялық ма­саң күй­де көлік жүргізу, кө­лік құ­ра­лын басқаруды сон­дай адам­ға берген немесе көлік құ­ралын басқаруды се­­ніп тап­сырған және көлік құ­ра­лын жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын жүргізуі) қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы, бір рет жүр­гі­зу­ші­­лік құқығынан айырылған аза­­маттың көлік құралын бас­қарғаны үшін 500 АЕК кө­ле­мінде айыппұл салынатынын немесе 90 тәулікке дейін қа­мауға алынатынын ескерте кет­кеннің артықтығы жоқ. Ке­лтірілген мәліметтерге қа­­ра­ғанда, Ақмола облысы а­у­ма­ғында алкогольді ішім­дік ішіп көлік жүргізудің 1200 фактісі тіркеліпті. Жол-кө­лік апатының алдын алу ша­раларын жүргізудің ар­қа­сында көптеген жайттар анық­талып отыр. ІІД ЖПҚ қыз­меткерлерінің  30 маусым мен 2 шіл­де аралығында жүргізген тексерістерінің нә­тижесінде жол ережесін бұзу­дың 818 фактісі тіркелген. Со­ның ішін­де 41 адам көлікті масаң күй­де жүргізген. Сондай-ақ, жылдамдық режімін арт­ты­рудың – 119, қауіпсіздік бел­бе­у­ін тақпаудың – 218, қалта те­­лефонын пайдаланудың – 69 және жаяу жүргіншіге жол бер­меу­дің 12 фактісі тіркеліпті.

Бұл ретте апатты жағдайға соқ­тыра жаздаған 153 жаяу жүр­гінші де жауапкершілікке тар­тылғанын айта кеткен орын­ды. Бәрін айт та бірін айт де­мек­ші, рульге алкогольді ішім­дік ішіп алып отырған бар­лық жүр­гізушіге қатысты материал­дар жиналып, сотқа жолданды. Енді олар үш жыл­ға дейін жүр­гі­зушілік құ­қық­та­рынан айыры­ла­ды. Осы­лай­ша өздеріне ғана емес, ай­на­ласындағыларға да қа­­сі­рет алып келуі ықтимал жүр­­гі­зушілермен күрес әлі де жа­лғасатын болады.

Алайда, тек айыппұл салып немесе қамап ұстау ар­қы­лы жүргізушілерді тәр­тіп­ке ша­қы­ру қаншалықты ақыл­ға қо­ным­ды. Осы арада жүр­гі­зу­­шілік мәдениетін қа­лып­тас­ты­ру үшін кешенді іс-ша­ралар қа­жет екені күмәнсіз.

Қорыта айтқанда, жалғыз полиция қызметі мә­се­ле­ні ше­­шудің кілті болып та­был­май­тындығын түсі­не­тін кез жет­ті. Қоғам болып кү­рескенде ға­на ережені мой­ын­сұн­байтын жүр­гі­зушілер аяқ­тарын тартатыны ақи­қат.

Олай болса, талап бар жерде ғана тәртіптің болатынын ескерсек екен.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы