• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2017

Стратегиялық мақсаттар орындалады

402 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Қа­зақ­станның Үшінші жаңғыруы: жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы экономикамызды жаң­ғыр­тумен қатар,  кәсіптік ортаны дамыту шарттарын жақсартатыны, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылық пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етері анық. Мәселен, Жолдаудағы төртінші ба­сымдық – адами капиталды жетіл­діру өте маңызды. Ал бесінші басым­дық ретінде институттық өзге­ріс­терді, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері нақтыланған.

Еліміз осы уақытқа дейін жемқор­лық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасады. Әлемдік дертке айналған жемқорлықпен кү­ресті одан әрі жандандыру ісін Елба­сының тағы бір пысықтауы бекер емес. Себебі, қоғамдық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы іспетті күн­делікті өмірімізге байланысты салалардағы жемқорлық аса қауіп­ті. Бұл салалардағы жемқорлық дең­гейінің жоғары болуы өз кезегінде мемлекеттік органдарға деген сенімді төмендетеді.

«Қазақстанның Үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда экономикалық қыл­мыстарды ізгілендіру, айыппұлдар мөлшері мен мерзімін қисынға сай реттеу, кәсіпкерлерді қолдау, т.б. мәселелер көтерілді. Сонымен бір­ге, жеке меншікті қорғауға, құ­қық үс­тем­дігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге ба­ғытталған реформаларды жемісті жалғастыру тапсырылды. Бұған қоса Елбасы  әкімшілік және қылмыстық заңдарды одан әрі ізгілендіру қажеттігін де нақтылады. Себебі, соңғы кездері  экономикалық қылмыстарға қатысты баптарды ізгілендіру қажеттігі байқалуда. 

Қылмыстық кодекстегі эконо­ми­калық қызмет саласындағы қыл­мыстық құқық бұзушылықтарға арналған  тарауда реттеуді қажет ететін жайттар бар екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.  Мысалы, азаматтың салықтан жалтаруы, кедендік төлем-алымдардың дұрыс төленбеуі, тауар белгісі немесе экономикалық шаруашылықтағы қарым-қатынас, жалған кәсіпкерлік те құзырлы мекеме құзыретінде шешілетін істер. Экономикалық қылмыстарды қылмыссыздандыруды шағын және жеке кәсіпкерлерді қорғап, оларға қолдау көрсетудің бір амалы ретінде бағалауға болады.

Жолдаудағы «Цифрлы Қа­зақ­стан» бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Бұл тұрғыда жаңа өнді­рістерді қалыптастырудың маңыз­ды бір шарты – инновацияларды қамтамасыз ету. Сол себепті, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өндіріс қуаттарын еселеу айрықша маңызға ие.  Елбасы 3D принтерлер, электромобильдер іспетті жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға басымдық береді. Мұның арқасында бәсекеге қабілеттігіміз артарына талас жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, толайым табысқа жетуде адами капиталдың орны айрықша, демек, жастардың үш тілді қатар меңгеруі ел болашағына ықпал етеді. Яғни, біз шет елдерге білімді, білікті ұрпағымызбен ғана таныла аламыз. Биік мақсаттар барлық деңгейде уақыт пен қордың, оның ішінде кадрлар резервін талап ететіні анық.

Мемлекет басшысы діни экстремизмді насихаттаудың алдын алуға, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесуге аса көңіл бөлуге шақырды.  Жолдау болашаққа бағдарланған. Оны табысты жүзеге асыру жүгі жас ұрпаққа жүктеледі. Жолдаудың басты мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру. Елбасы аталған стратегиялық бастама «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде орындалатынын қадап айтты. Жолдауды тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігіне бағытталған, нақты іс-жоспарға негізделген тарихи құжат ретінде бағалаған жөн. 

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ,  Мәжіліс депутаты