Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Есілдің сол жағалауында салынып жатқан нысандарды аралады.
Құрылыс нысандарын аралағанда Премьер-Министрмен бірге Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, орталық атқарушы органдардың, құрылыс ұйымдарының басшылары да болды.
Кәрім Мәсімов «Астана Медиа-Орталық» телерадиокешенінің, Опера және балет театрының, Триумфальдық арканың, «Хазірет Сұлтан» мешітінің, Оқушылардың шығармашылық сарайының, жолаушылар вагондарын шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауытының құрылыстары барысымен танысты.
«Егемен-ақпарат».