• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Өндірісі өрлеген өңір

276 рет
көрсетілді

Жылдан жылға экономи­ка­ның өзекті буыны саналатын өндіріс саласы өңірде жедел дамып келеді. Мәселен, Текелі қаласында ғана ірілі-ұсақты ондаған ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы ша­һар­дағы осындай өндіріс орын­да­ры 8 млрд. теңгеден астам өнім өндірсе, өткен мерзімде бұл көрсеткіш едәуір өскен. Екі жыл­дан бері жұмысын тоқтат­қан кен комбинатының руда байы­ту цехындағы жұмыс жан­данып, қалалықтар жаңа жұ­мыс орындарында белсенді еңбектерін жалғастыруда. Текелідегі «Казцинк» кен бай­ыту комбинаты өткен ке­зең­де өндірістегі мәселелерге бай­ла­нысты жұмысын тоқтатқан. Іргесі қаланғанына жарты ға­сырдан астам уақыт болған осы комбинаттың тамырына қан жүгірткен «Горное бюро» се­ріктестігінің төрағасы Әб­ді­ра­ман Еділбаев біраз істің тия­на­ғын келтіріпті. Ол алғашқы жұ­мысты кен байыту цехын іске қосудан бастапты. Қараған­ды­дан шикізат тасымалдап, байы­тыл­ған темір рудасы концен­тра­тын шығарып, қондырғы­лар­ды іске қосқан кәсіпкердің еңбегі ақталған. Алғашқы 10 тонна шикізат өңделіп, арнайы зертханада са­раптамадан өткізіліпті. Нә­ти­­жесінде сапасы жоғары деген баға алған. Қытайлық өн­діру­ші­лердің де көңілдерінен шы­ғып, өзара келісім-шарт жа­­са­лып, әзірге айына 20 мың тонна өнім алу көзделген. Өтім­ді болғаны зауыт ұжы­мы­ның да көңілін орнықтыр­ған­дай. Енді айына 60 мың тонна өнім өн­діруді жоспарлап отыр. Кәсіп­орында 260 адам жұ­мыс істесе, көпшілігі бай­ыр­ғы жұмыс­шы­лар. Екінші үйлеріндей болған ком­би­нат­ты ризығымыздың көзі, өмі­рі­міздің өзегі, дейді. Серіктестік мұнымен шектелмейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен комбинат базасынан жергілікті рудадан жылына 30 мың тонна электролитті металл марганецін өндіретін жаңа зауыт салу жөніндегі жобаны қолға ал­мақшы. Әрине, қала бюджетіне та­быс әкелетін жоба облыс әкі­мінен қолдау тауыпты. Оған қа­жетті 300 млн. АҚШ доллары тұ­ратын жобаны германиялық «Тес­сен групп» компаниясы ин­вестициялауға ниетті екен. Жалпы, Текеліден респуб­ли­калық индустрияландыру карта­сы­на «Green House» жылыжай кешені ғана кіргенін ескерсек, енді қала басшылары бір ша­ңы­рақ астында қанат жаяр қос зауыт­тың келешегі кемел екеніне назар аударып, мүдделілік танытқан. Тәуелсіз ел экономикасы ны­ғая түскен тұста халықтың әлеу­меттік мәселелерін шешу жайы да алдыңғы орынға шығып отыр. Әсіресе, өңірде құрылыс саласы қарқынды дамып, осыған орай құрылыс материалдарын шыға­ра­тын үлкен-кіші өндіріс орын­да­ры­ның өркендеуі мен қатарының өсуіне негіз қалануда. Текелідегі цемент зауыты құ­рылысқа арналған құрғақ сылақ қоспаларын шығаруда. Жұмысын шағын цехтан бастаған зауыт бүгінде 17 түрлі өнім түрін дай­ын­даса, отандық мазмұнды сақ­тау талабымен Талдықорған ай­ма­ғын­дағы құрылысқа зауыт өнім­дері кеңінен қолданылып, алыстан арбаламай, жақыннан тасымал­данып отыр. Бұдан екі жақ та ұтып келеді. Зауыт суға, ылғалға, аязға төзімді жаңа құрғақ құрылыс қоспаларын шығаруды баста­ды. «Телемикс», «Талас микс», «Керемет», «2 в 1» деген жаңа өнім түрлері ішкі және сыртқы әрлеу, сылауға таптырмайды. На­рыққа енгеніне аз болғаны­мен зауыт­тың құрғақ сылақ пен желім түр­леріне сұраныс жоғары. Алматы мен Астана, Атыраудан түскен тапсырыс жұ­мысшылардың жігерін жа­нып отыр. – Өндірістің ұтатыны жергілікті шикізат көзі. Шаһар тө­ңі­регі таулы аймақ әрі оның қой­науы кенге бай. Гипс пен мәрмәр ұнтағы жергілікті кү­ре­сіндерден алынып, неміс тех­но­логиясымен өңделеді. Зауыт қуаты сағатына 200 тонна өнім өндіруге жетеді, – дейді «Цемент» ЖШС өндіріс цехының бас­тығы Ғабит Садықов. Мұнда өндіріс талаптары қатаң сақталады. Химиялық қо­спалар «Интерхим» компа­ния­сынан алынып, есептеп, ережені бұзбай жұмсау назарда. Содан да болар, көптеген белгілі құрылыс компаниялары зауытпен іскерлік байла­ныс­тарын нығайтқан. Зауыт соңғы үш жылда өн­ді­ріс ауқымын 4,7 пайызға ұл­ғайтқан. Кәсіпорында 50 адам еңбек етсе, келешекте жаңа жұ­мыс орындары ашылады деп күтілуде. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.