• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Ядроcыз әлем үшін» халықаралық форумына қатысушыларға ЖОЛДАУЫ

391 рет
көрсетілді

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Ядроcыз әлем үшін» халықаралық форумына қатысушыларға

ЖОЛДАУЫ

Нью-Йорк, 2011 жылғы 12 қазан Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев, құрметті министрлер, құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар! Ең алдымен Президент На­зарбаевқа өзімнің алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Бұл басқосу Қазақстан басшы­сы­ның әлемдік ядролық қарусыздану саласындағы көшбасшылығы­ның тағы бір мысалы болып та­бы­лады. Жоғары мәртебелілер және құр­метті қонақтар! Өзімнің былтырғы жылғы Семейге барған сапарымды ешқа­шан ұмытпаймын. Бұл жер ондаған жылдар бойы «қырғи-қабақ со­ғыстың» эпицентрі болды. Сіздің 20 жыл бұрын қабылдаған батыл шешіміңіздің арқасында ғана Семей жерінде үміттің оты маздады. Және бұл мысал барлық ядролық сынақтардың түпкілікті аяқталудың үмітіне айналды. Ол әлемді ядролық қарудан азат ету үмітін оятты. Осыдан үш жыл бұрын мен ядролық қарусыздану мен таратпау бойынша бес тармақтан тұратын жоспар ұсындым. Қазір оған деген талпыныс бүкіл әлем шеңберінде өрістеп келеді. Бұл істе билік пен азаматтық қоғам топтары өзара үйлесімді жұмыс атқаруда. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет. Ядролық қарудың жантүршігерлік қаупін бәріміз білеміз. Қауіп-қатерден сақтану үшін қаруды жою керек екенін де білеміз. Ілгерілеушілікке қол жеткізу – жаһандық ынтымақтастыққа байланысты. Осы орайда Астана форумы шешуші мәнге ие болар деген үміттемін. Мен оның жалғасын тапқанын қалаймын және өз тарапымнан толық қолдау көрсететінімді білдіремін. Бәріміз бірге келешек ұрпақ үшін ядролық қару-жарақтан азат әлемге қарай өтейік. ____________________

АҚШ Президенті Барак Обаманың «Ядросыз әлем үшін» атты Астана форумына қатысушыларға

ЖОЛДАУЫ

Вашингтон, Ақ үй, 2011 жылғы 10 қазан Ядролық қарусыз әлем үшін ха­лық­аралық конференцияның барлық қаты­су­шыларының жұ­мыс­тарына сәттілік тілеймін. Семей ядролық сынақ поли­го­нының жабылуына 20 жыл толуына орай Қазақстан Респуб­ли­касына және Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевқа бо­лашақ ядролық қаруды азайту және таратпау ісінің негізін қалауға көмек­тес­кен осындай тарихи шешімді қабыл­дағаны үшін өз ризашылығымды білдіремін. Бұл рәсім – ядролық қару сынақта­рын өткізуді тоқтату әлем қауым­дастығы үшін ең негізгі басымдық ретінде қала беруге міндетті екендігін естерімізге салады. Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан жиырма жылға жуық уақыт бойы биологиялық қарудан қорғану және оны жою үшін бірлесіп жұмыс атқарып келді. Біздің ынтымақтастығымыз елдеріміздің ортақ жауапкершілікті қабылдауға және ортақ проблемаға төтеп беруде бірігудің айғағы болып табылады. Осындай дәрежедегі ынтымақтастық биылғы желтоқсанда бо­ла­тын «Биологиялық және токсиндік қарулар бойынша конвен­ция­ның» 7-ші шолу конференциясы барысында көрсетілетініне үміт артамын. Қазақстан ұзақ уақыт бойы ядролық қаруды таратпау мен ядролық қауіпсіздік саласының лидері және Америка Құрама Штаттарының досы болып келеді. Осы саладағы бірлескен жобаларымыздың жалғасуын асыға күтемін.