• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Варшава трамвайлары зулайтын күн де алыс емес

306 рет
көрсетілді

Жалпы, трамвайсыз облыс орталығын көзге елестету де мүмкін емес. Өйткені, травмай қаладағы  жоғары сұранысқа ие қоғамдық көлік болып табылады. 40 жылдан аса уақыт бойы трамвай  қала тұрғындарына қызмет етіп келеді. Күніне мың адамға дейін тасымалдайтын трамвай басқармасында бұл күндері 115 трамвай вагоны бар болса, оның 86-сы күнделікті қозғалыс  бағыттарына жіберіледі.  Ал, еліміз бойынша трамвай Павлодардан басқа  Өскеменде, Алматыда, Теміртауда бар. Соңғы кездері  вагон паркі де ескірді, жолдары да тозды, өз елімізде оларды жасайтын зауыт та жоқ, Ресейден жеткізіледі. Ал, бір трамвайдың құны шамамен 70 миллион теңге тұратын көрінеді. Енді міне, осы түйінді мәселе де шешілгендей. Өткен аптада  облыс  орта­лы­ғында  облыстық әкімдіктің бастамасымен ашылған «Қа­зақ­стан-Сібір 2011» халықаралық көрмесі шеңберінде «Әлеу­мет­тік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-тың жергілікті өкілдігі  Польша елінен келген кәсіпорын бас­шы­ларымен  кездесуге мүмкіндік алды.  Кездесу барысында ке­ліс­сөздер жүргізіліп, өзара ын­тымақтастық жөнінде мемо­ран­думға қол қойылды. Яғни, екі ел кәсіпорындары қалалық трамвай басқармасының техникалық жүй­есін  толықтай модернизациялау, жаңарту мен жаңғырту, трамвай жолдарын жөндеу және трамвай құрастыратын цех   ашу бой­ын­ша инновациялық жаңа жобаны  жү­зеге асыруға келісті. Польша та­рапынан меморандумға төрт компания, оның ішінде Варшава трам­вай компаниясы  да бар, басшылары  қол қойды. Сөйтіп, еларалық ынтымақтастық бай­ла­ныс­тар арқасында алдағы жыл­дары облыс орталығының көше­ле­рінде жаңадан салынған шой­ын жолдармен еуропалық стан­дартқа сай трамвай ва­гондары жүретін болады. Осы меморандумдарға сәй­­кес, «Варшавалық трамвай» кә­сіп­орны облыс орталығына жаңа заман трамвайларын жеткізеді. Бұл – бір. Екіншіден, еуропа трам­вай жолдарымен  біз­дің жолдардың айырмашылығы жер мен көктей дейді. Сон­дықтан, осы  айырмашылықты жақын­да­ту үшін  «Песа Будгощ» деген кәсіпорын «Тинес» деген компаниямен бірлесіп облыс орталы­ғын­дағы трамвай жолдарын жо­ға­р­ы стан­дарт­тарға сай жөн­дейтін болады. Үшіншіден, бұл компаниялар Алматыдағы метро құрылысына қатысқан көрінеді. Олай бола, олар үшін жердің бетіндегі трам­вай жолын салып беру түк емес шығар. «Әлеу­меттік кәсіп­керлік корпора­циясы» АҚ-тың жергілікті жердегі  өкіл­де­рінің айтуынша, об­лыс орталығы үшін қуанышты  бұл істің жү­зеге асуына Поль­шаның Ұлттық экономикалық банкі қаржы  беріп отырған кө­рінеді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.