• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2011

Дерек пен дәйек

324 рет
көрсетілді

2 151 000 000 Атырау мен Канаданың сауда-экономикалық байланысы былтыр осынша доллар құраса, биыл бұл көрсеткіш 5 есе өсті Мұнайлы Атыраумен эко­но­ми­калық байланыс орнатуды көз­деген шет мемлекеттер көбеюде. Мәселен, Атырауда АҚШ-тың әр саладағы 42 бірлескен кәсіпорны жұмыс жасайды. Еуропа ел­де­рі­нің ықыласы мұнайлы өңірге ауды. Канаданың іскер топтары да Аты­раудың сан алуан сала­сын­да сауда-экономикалық қарым-қа­тынасты жандандырудың қамы­на кірісті. Бұл туралы облыс әкімі­нің бірінші орынбасары Болат Дәукеновпен кездесуде Канада­ның Қазақстан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Стивен Миллар мәлім етті. Қазір мұнайлы өңірде үйеңкі жапырақтар елінің 8 бірлескен кәсіпорны жұмыс істесе, Аты­рау­мен арадағы сауда-экономикалық байланыс өткен жылы 2 миллиард 151 миллион АҚШ долла­ры­на жеткен екен. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш бес есеге дейін өсіпті. Елшінің айтуынша, алда­ғы уақытта Атырауға Канаданың жетекші бизнесмендер тобының сапарын ұйымдастыру жоспарлануда көрінеді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.   40 000 000 Жыл соңына дейін көлік жолдарын күтуге қала бюджетінен  қосымша осыншама теңге қаржы қарастырылатын болды Бұл жайында Ақтөбе қаласы­ның әкімі Нұрмұхамбет Әбді­ков­тің төрағалығымен өткен шаһар­ды санитарлық тазалау және көр­кейту жөніндегі мердігерлік ұй­ым­дар  мәселелері  қаралған жи­ын­да айтылды. Ақтөбе қаласы мен қалаға қарасты бес ауылдық округтегі көлік жолдарын күзгі-қысқы мерзімде  күту жұмыс­та­ры­мен «Таза қала», «Тазалық», «Актобегордорстрой», «КТП», «Ақ­жолЛТД», «Ассан-СтройСервис», «Дорожник-К» мекемелері айна­лысады. Олардағы 52 өзі аударатын көлік, 20 автогрейдер, 25 тиегіш, 21 «МТЗ-80» 25 «ПМ-130» техникасы, «ЗИЛ-130» база­сын­дағы 9 құм­шаш­қыш,  2 қар жи­на­ғыш, 2 «К-701», «Урал» база­сын­дағы роторлы техникалар мен тір­кемелерді қосқанда бар­лы­ғы 160 арнайы техника тазарту жұмыс­тарына тартылады деп күтілуде. Сондай-ақ, жедел әрекет ету үшін мердігерлік ұйымдарда тәу­лік бойғы кезекшілік ұйым­дас­ты­рылады. Қала басшысы күзгі-қыс­қы тазалық және жолдарды күтіп ұстау жұмыстарында кідіріс болмауы үшін арнайы техника паркін кеңейтуді міндеттеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.   11 «Жайықжылуқуат»  АҚ биылғы маусымда осынша шақырым жылу жүйесін ауыстырды Иә, қылышын сүйретіп қоян жылының қысы да жақындап қалды. Осындай қатал сынға жылу өндіретін кәсіпорын орны тыңғылықты әзірлік жасады. Мұндағы жаңғырту жұмыстары ұзақ мерзімдік жоспарға сай жыл сайын жалғасып келеді.  Бүгінде «Жайықжылуқуат» коммуналдық кәсіпорны қуат үнемдеу бағдар­ла­масы бойынша жұмыс істейді. Соған сай құбырлар соңғы уақытта жылуды ұстап тұратын материалдармен қаптала бастады. Бұған қоса таяуда жылу үнем­де­гіш жаңа технология өндіріске енгізілмек. Кәсіпорынның қысқа әзірлік жұмыстарына қажетті қа­ражат жөндеу қорынан және бюджет қаржысы есебінен бөлінген. Оның мөлшері 214,8 миллион теңге. Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.