• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2011

Бағдарлама баянды болады

403 рет
көрсетілді

Елімізде жұмыссыздықты жою­дың түрлі жолдары қарасты­ры­луда. Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ­тың іргесін бірге қа­лаймыз» атты Қа­зақстан халқына биылғы Жол­дауын­да жергілікті билік алдына еңбек рыно­гының тиімділігін арттыру, аз қам­тыл­­ған­дарды, жұмыссыздарды және өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандарды өнімді еңбек­ке тарту міндетін қойды. Әсіресе, ауыл жаста­рының жұмыссызды­ғы алаңдатады. Кәсіби білім ал­мағандықтан ауыл жастары еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз болып қалуда. Аз қамтыл­ғандар­ды әлеуметтік қолдаудың ық­пал­­ды шаралары да жеткілікті пай­да­ланылмай отыр. Мұның өзі жұмыс­сыздық деңгейін кеміту қарқынын баяулатуда. Ресми деректерге сүйенсек, облыста кедей­­­шілік деңгейі – 3,1, ал жұмыс­сыздық 5,0 пайызды құрайды. Бұл еліміздің өзге өңірлерімен салыс­тырғанда жаман көрсеткіш емес. Алайда, бұл көрсеткіш­тердің дең­гейін мейлінше төмен­дету бағытын­дағы жұмыстардың қарқынын бәсең­сітуге болмайды. Елбасының тікелей тапсырмасы­мен дайындалған «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағдарламасы осы бір күрмеуі қиын күрделі мәсе­лені оң шешуге бағытталған. Сон­дықтан да бұл бағдарлама халықтың кең қолдауына ие болып отыр. Еңбек рыногындағы өзекті мә­селелерді шешіп, жұмыссыз­дықпен күреске серпін беретін жаңа бағдар­ламаны жүзеге асыру өңірде жос­парлы жүргізілуде. Облыс орталы­ғында және аудандарда жұмыспен қамту орталығы құрылып, ғимарат­пен қамтама­сыз етілді. Үстіміздегі жылы бағ­дар­ламаның үш бағыты бойынша оған 5564 өз бетінше жұ­мыспен айналысушыларды, жұмыс­сыз­дарды және табысы аз адам­дарды тарту көзделді. Бағдарла­ма­ның «Оқы­ту және еңбекке орналасуға ықпал ету» бағыты бойынша 3200 адамды жұмысқа орналас­тыруға ықпал ету жос­парланған. Яғни, 1200 адам әлеу­меттік жұ­мыс­тарға тартылады, 1890 адам­ға кәсіптік білім беріледі. Қазіргі таңда қадрларды қайта даярлау ұйым­дастырылатын тех­ни­калық және кә­сіптік білім беретін оқу орындары келісілді, сұранысқа ие 29 мамандық анық­талды. Мемлекеттік тапсырыс аясында олар 12 мамандық бойын­ша оқытылауда. Қазіргі таңда 919 адам еңбекақылары ішінара суб­сиядия­ланып еңбекке орналасты. Олардың орташа еңбекақысы 41 мың теңгені құрайды, 313 кәсіп­орынмен келісім-шарт жасалды. 1567 адам кәсіби білім алуға оқытылуда. Олардың 70 пайызы ауыл жастары. Бағдарламаның екінші бағы­ты бойынша ауылдағы кәсіпкер­лікті да­мытуға көмектесу аясын­да 120 адам­ға өз ісін ашу үшін 1 млн. теңгеден барлығы 120 миллион теңге көле­мінде шағын несие бөлінді. Оларға инфрақұры­лымды дамытуға 60,0 миллион теңге қаралды. Облыстық әкімдік 352 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Қызмет көрсетуші «Бизнес-Навигатор» ЖШС бекітілген кестеге сәйкес оқытуды қазан айынан бастап жүргізуде. Бұл мақсатқа республика­лық бюджеттен 14,3 миллион теңге бөлінді. Ал, үшінші бағыт бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендерден даму көрсеткіштері жоға­ры аудан­дарға көшуге 26 отбасы тілек білдірді. Жалпы, бағдарламаны іске асыру үшін облыс бойынша 446,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Біз бұл бағдарламаның ал­да­ғы жылы да серпінділігін арт­ты­ру үшін осы кезден бастап дайын­­дық жаса­дық. Облыс әкі­мі 2012 жылы жалпы сомасы 1677,6 миллион теңге болатын бюджеттік тапсырысты бекітті. Бағдар­ламаға алдағы жылы 3536 адам­ды тарту көзделіп отыр. Оның 746,5 миллион тең­гесі 3155 адамды кәсіптік оқы­туға және еңбекке орналас­ты­руға, 206,3 миллион теңгесі 150 ауылдықтың өз ісін дамытуына, ал, 386,1 миллион тең­гесі 56 отбасының жұ­мыс орындары бар ауылдарға қо­ныс аударуына жұм­салатын бо­лады. Жалпы, қанатқақты бағдар­лама жұмыс­сыз­дықпен күрес­те, еңбек рыно­гын нығайтуда тиімділігін көрсетті. Серік ОРЫНБАЕВ, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы.