• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2011

Ел игілігі тұрғысынан

306 рет
көрсетілді

Мұнай – жаһандық экономиканың қоз­ғаушы күші. Уақыттың өзі дәлелдеген бұл тұжырымды бүкіл әлем әлдеқашан мойын­даған. Қазақтың бағы үшін Та­би­ғат-ана қасиетті жомарт даламызды қара алтыннан да кенде қалдырмапты. Міне, осы қазына­мыздың арқа­сын­да біз өкпені қосқан өліара кезеңдердің қиынды­ғына төтеп беріп, дүние жүзін тұралатқан кешегі жаһандық эконо­микалық және қаржы дағда­рысынан да та­қырланбай шықтық. Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы ішіндегі республикамыздың қол жеткізген эко­но­микалық жетістіктерінің негізгі тұғыры да осы қасиетті даламыздың қой­науына бүккен мұнай мен табиғи газдың арқасы екендігі ақиқат. Тәуелсіз Қазақстан­ның қарқынды экономикалық даму үрдісі таяу болашақта тағы да осы табиғи байлықта­рымыз – мұнай, газ және басқа шикізаттарға тікелей байла­нысты болатындығы да жа­сырын емес. Мұнай және газ өндіру ел экономика­сының басым да табысты салаларының бірінен саналады. Қазіргі таңда Қазақстанда көмірсутегі шикізатының 200-ден астам кен орны анықталды. Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың мәлімдеуінше, қазір елімізде зерттелген мұнай қоры 5,7 миллиард тонна көлемінде болып отырған көрінеді. Бұл көрсеткіш Қазақстанды әлемдегі мұнай өндіруші елдердің алғашқы ондығы­ның қата­рына қосады.   Әлем- дегі алатын орны Елдер Қоры млрд.барр. Әлемдік млрд.т. қордағы %-дық үлесі 1. Сауд Арабиясы 264,2 37,7 21,3 2. Иран 138,4 19,8 11,2 3. Ирак 115,0 16,4 9,3 4. Кувейт 101,5 14,5 8,2 5. Біріккен Араб Әмірліктері 97,8 14,0 7,9 6. Венесуэла 87,0 12,4 7,0 7. Ресей 79,4 11,3 6,4 8. Ливия 41,5 5,9 3,3 9. Қазақстан 39,8 5,7 3,2 10. Нигерия 36,2 5,2 2,7   ОПЕК-ке мүше елдер 934,7 133,5 75,5   Бүкіл әлем 1237,9 176,8 100,0 Бүгінде Қазақстан ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші ірі мұнай өндіруші ел болып табылады. Ал әлемдегі мұнай өнді­руші 90 елдің ішінде Қазақстан алғашқы отыз­дыққа кіреді. Сонымен бірге, респуб­ликамыздың энергетикалық рыногының әлеуетін көтеруде табиғи газдың алатын орны да елеулі. Қазір елімізде 3 триллион текше метр зерттелген табиғи газ қоры бар. Каспий жағалауындағы мұнай-газ кеніштері, Торғай, Оңтүстік Маң­ғыш­лақ, Солтүстік Үстірт аумағында негізінен 100-ден астам газ кеніштері шоғырланған. Анықталған табиғи газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 15-ші орынды иеленеді. Жалпы, еліміздің табиғи газ қоры бойынша әлеуеті 10 триллион текше метрге жетеді деп есептелінеді. Оның 90,2 пайызы Каспий теңізі жағалауы түбектерінде шоғырланған. Өкінішке орай, қазыналы жеріміздегі мұ­най мен газ кеніштері жеткілікті болса да, ондағы мемлекет үлесі әлі де мардымсыз. Жалпы, мұнай-газ шикізатын өндірудегі мемлекетіміздің үлесі қазіргі таңда 27 пайыз деңгейінде ғана. Ал көмірсутегі шикіза­тын өндірудің басым әлеуеті шетелдік компаниялардың еншісінде қалып отыр. Сонымен бірге, стратегиялық бағытта біз әлі күнге дейін өңделмеген шикізат экспорт­тауды қанағат тұтып келеміз. Мұнай-газ өңдіру саласын саралаудан өткізетін болсақ, қазір еліміздің бұл шикізат өндірісіне шетелдік компаниялардың көптеп кіріп кеткені шындық. Әсіресе, соңғы жылдары еліміздің қара алтынын игеруге Қытай мемлекеті тарапынан ерекше белсенділік танытылып отырғанын аңғаруға бола­ды. Жобалардағы түрлі елдердің үлесі мына кестеден анық байқалады. Жобалар Жобалардағы мемлекеттердің үлесі   АҚШ Қазақстан Қытай Ресей Каспий құбыр желісі консорциумы 15 % 19 % – 31 % «Батыс Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры – 50 % 50 % – «Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры – 50 % 50 % – Теңіз кенішін игеру (қоры млрд. т.) 50 % 20 % – 5,0 % Қарашығанақ кенішін игеру 20 % – – 15 % «Маңғыстау-мұнай-газ» кенішін игеру – 50 % 50 % – Құмкөл кенішін игеру – 33 % 67 % – Шымкент МӨЗ – 50 % 50 % – Қашаған кенішін игеру 25,3 % 16,81 % – – Соңғы онжылдықта Қазақстан экономика­сының қарқынды дамуы мұнай-газ саласын­да отандық компаниялардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік туғызып отыр. Сонау бір Одақ ыдыраған өліара кезеңде экономи­камызға көбірек инвестиция тарту мақсаты­мен мұнай-газ саласына инвестиция әкелген шетелдік компанияларға көптеген жеңіл­діктер жасалды. Қара алтын қорынан олар сол кезде көп үлес те алып үлгерді. Міне, енді осы келеңсіз­діктердің орнын толтыру үшін Үкіметіміз отандық компанияларға басым­дық беру мақсатында бірқатар заңнамалық нормативтер қабылдады. Қазір Үкіметтің басты стратегиясы еліміздің мұнай-газ секторында мемлекеттік үлесті барынша арттыру болып отыр. Бұл бағытта қол жеткізген жетістіктер де баршылық. Әсіресе, 2005-2009 жыл­дары мұнай-газ саласында мемлекеттік үлесті арттыру мақсатында бірқатар игі жобалар жүзеге асырылды. Атап айт­қанда, Солтүстік Каспий жобасында Қазақ­станның үлесі 16,81 пайыз­ға өсті. «Қаз­гермұнай» бірлескен кәсіпорнының 50 пайыз акциясы, «Петро­Қа­зақстан» АҚ-тың 33 пайыз акциясы, Шымкент МӨЗ-дің 50 пайыз акциясы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың 50 пайыз акциясы, Павлодар мұнай-химия зауыты­ның 100 пайыз акциясы мемлекет үлесіне қайта­рылды. Сонымен бірге, «Қаз­МұнайГаз» ұлттық компа­ниясы Батуми мұнай тер­миналының бақылау жасау пакетіне ие болды. «Қаз­Мұнай­Газ» АҚ ресейлік «Газпром» компа­ниясымен бірлесе отырып, Орынбор газ өңдеу зауытының базасында әрқайсысы 50 пайыздық үлеспен бірлескен кәсіпорын құрды. Үстіміздегі жылы еліміз голландтық «РумПетрол Групп» компаниясының 75 пайыз акциясын иеленді. Бұл компания Румыния мемлекетінде қуаты 15 миллион тонна мұнай өңдейтін екі зауытқа, 600-ден астам жанар-жағармай стансаларына иелік етеді. Болашақта осы компания инфра­құрылымы арқылы қазақстандық мұнайдан алынған өнімдерді Франция, Румыния, Болгария және басқа еуропалық мем­лекеттердің аумағында сатуға мүмкіндік туды. Әрине, елімізге келіп жатқан инвестиция­лардың отандық экономикамызды дамыту үшін тиімді екендігі даусыз. Алайда, кейбір инвесторлар тарапынан жасалып жатқан түрлі «жомарттықтар» еріксіз алаңдаушылық туғызады. Ел экономикасының көш­басшысы болып табылатын мұнай-газ саласында шетел компанияларының «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-пен бәсекелестік жасауы экономикалық және ұлттық қауіпсіздігімізге көлеңке түсір­меуі тиіс. Қорыта келгенде, жер қойнауын­дағы қара алтын қоры ел экономикасының әлеуетін айқындамайды. Бұл табиғи қазба байлықтары кешенді түрде игеріліп, тек шикізат күйінде емес, өңделген өнімдер күйінде экс­портталатын болса, бұл салада отандық компания­лардың үлесі шетелдіктерден басым болғанда ғана жомарт жеріміздің қойнауындағы қазынамыз ел мүддесіне, ұрпақ игілігіне айналмақ. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.