Елбасы өзінің ұлттық манифест саналатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында былай дейді: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Ол мақалада тағы да: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьӘрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген жолдар тағы бар. Әйгілі Мұхтар Әуезовтің «Менің ұстазым – Аймауытов!» деуі оның һас талантына бас иіп, ұлы суреткерлігіне білдірілген әділ баға екені ақиқат. Бүгінгі қазақ әдебиетiн алаш рухына қапысыз суарған жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың күллі түркінің атажұрты саналатын Алтайдың айнамкөзі – Марқаның көлін классикалық «Ақбілек» романында «Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі...» деп тамсана суреттеп жазатыны дәл бүгін әр қазақ оқырманының есінде болса керек.
Алты алаштың айбоз жазушысы «Ақбілек» романын жазғанда басты кейіпкер бейнесіне қазақ қызы – ана образын алуы да тегін емес. Ұлт тәрбиесі де, ұлт болашағы да Ананың қолында екені әлмисақтан аян. Жазушының ана образын бүкіл түркі елінің түп атасы тараған, түрікшіл Мағжан ақын айтатын анасындай қастерлі «Алтын бесік Алтайда» туған етіп суреттеуінде де тұңғиық сыр тұнып жатыр. Ертеңгі күні жалпы қазақ қана емес, адам баласы атаулыға адамдық іс-әрекетімен тәнті етер әлемдік Ақбілек образын үлкен махаббатпен жырлаған сұңғыла суреткердің «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп...» деп қазақы бейнелеуі де орынды.
Алтайдай тұнық, Алтайдай сұлу, Алтайдай биік, Алтайдай қасиетті мекеннің қойнында ақ қайыңдай тербеліп, ақ биенің саумалындай таза өскен сұлудың арына ата жауы дақ түсірсе де, Ақбілек дұшпанынан да биік болып, зау биіктегі мөлдір Марқакөліне – тұтас түркі елінің лайланбаған тұнығына тәнін шомыла тазаланып, жауынан көтеріп қалған сәбиін де шомылдырып, екеуі де анадан жаңа туғандай тазарып отырады. «...суы балдай Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі, жас түлегі, ана болған, көп әйелден дана болған...». Сөйтіп романда адамдық табиғи сезім мен адами сананы Марқадай биікке көтерген Қазақ қызы – Ақбілек ананың дана символына айналады.
Аймауытовтай сұрапыл суреткер қайғысы мен қасіреті, қуанышы мен сүйінші Шолоховтың Аксиниясынан да асып түсетін және одан әлде қайда бұрын жазылған, әлемдік әдебиетте қайталанбас Ақбілектей әйелдің образы сонау 1925-1926 жылдары төте жазумен хатқа түсіп, 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланғаны белгілі.
Көне көздердің айтуынша, Жүсіпбек басын ақиық шалған Алтайдың ақжем биіктерінен бас алатын ерке Ертістен Күршім өңіріне пароммен өтісімен, қазіргі Қаратоғай ауылына төніп тұрған Қарасеңгір тауы ішіндегі Қарекем шатымен биікке атпен көтеріледі екен. Қазір ол шат «Торғай сайы» деп аталады. Алаштың айбоз жазушысы осы тау арасында өзі бұрыннан таныс Құнапиямен кездеседі. Оның қайын атасы болыс керей Ысқақпен жүздеседі. Алтайды салт атпен аралап, кеше ғана ел ішінде болып өткен аласапыран ақ пен қызылдың лаңы жайында кеңінен құлағдар болады.
Осылайша Жүсекең Қалғұты мен Бөкенбай бойындағы қалың қазақтың тыныс-тіршілігімен жақын танысады. Төбесі ақ қарлы атақты Сарытау биігін, Әкімбай кезеңі, Салқыншоқы, Итқырылған, Қаражал, Ереймен тау шоқы-жалдарын табанымен басып, жайлаудың самырсын шайыры сіңген саф ауасын жұтып, жасыл орманын еркінше аралап, ой-санасын дүр сілкіндірген Ақбілек әңгімесіне қанығады... Жайлауға көшкен елге қосылады. Бүкіл күнгей Алтайды еркінше аралап, Марқакөлге дейін барады.
Қазір де Қаратоғайдан әрі қарай, Марқакөл бағытындағы бөкен тұмсықтан Бөкенбай тауын қарабауырлай бауырлаған асфальт жолдың бойында Ақбілек қыздың атақонысының ізі бар...
Дәл осы маңда «Қазақтың тұңғыш классикалық романист-жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Ақбілек» романының бас кейіпкері туып, өмір сүрген» атты әдеби-мемориал болуы тиіс.
Біріншіден, бұл біздің ұлттық мәдени мұрамыздың нағыз бір насихаты болар еді. Екіншіден, бұл да туризмнің көзге айқын шалынар, алыстан Алтай өңірі мен аңызға айналған Марқакөл-Ақбілек тандемі өзіне менмұндалай шақыратын символдық салиқалы кешен болатыны ақиқат!
Енді нақты ұсынысқа келсек. Халқымыздың ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесіне орай дәстүрлі талғам-өлшемі бар. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дегенде, текті қыздың белгісін отбасындағы тәлімнен іздеген. Осы тұрғыдан алғанда, Ақбілек – бүгінгі қазақ қыздарына өзінің ажары ғана емес, ақылымен, алғырлығымен, ақжарқын мінезімен, іскерлігімен, қайраткерлігімен, өзге де адамдық қасиеттерімен тәуелсіз заманға лайық атаулы символ болары сөзсіз. Бұл – басты қағидат. Естеріңізде болса, С.Мұқановтың «Ботагөз» романы сол уақытта жаңа заман жаршысы етіп насихатталғаны, кеңестік кезеңнің символы болғаны анық.
Екіншіден, жазушының өзі Кереку-Баянауылда туып, Күршім-Марқакөл жеріндегі оқиғаларды негізге алып, руханиятта теңдесі жоқ асыл дүниесін Шымкентте жазуы да қазақ жерінің қадір-қасиетіне куә емес пе?!
Үшіншіден, бұл бүгінгі заманда үлкен күшке ие болып келе жатқан туризм индустриясына түрткі болар айрықша салмақты дүние.
Соңғы мәселе. Бұл мемориал қай жерде орналасуы тиіс? Сөзсіз, бұған ең қолайлы жер: Күршім мен Марқакөл жақтан тоғысатын, оңтүстік жағынан Зайсан ауданынан келіп түйісетін тоғыз жолдың торабы – қазіргі Қалжыр ауылы орналасқан тұс. Жолаушы атаулы айналып өте алмас ұзын жолдың үсті. Қиялай алмас қиысы. Оған талас болмауы тиіс. Ал «Ақбілектің» прототипі саналатын Алтай өңіріне әйгілі, сол сұмдық ғасыр басында қазақтан тұңғыш болыс болған аяулы Дариға қыз – Дариға болыстың туып-өскен отаны. Болыстық үйін тіккен Шығанши ауылы да осы тұсқа тиіп тұр, таяқ тастам жер.
Бұл ұсыныс-жоба – Елбасының жоғарыдағы мақаласында айтылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына да сай келер еді. Президент тағы да осы орайда «Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс» деп атап өткені тағы бір ескерту.
Әлбетте, «Ақбілек кешенді мемориалы» – еліміз тәуелсіздік алуының арқасында ғана жүзеге асатын құбылыс. Бұл ұсынысымызды елім деген Елбасынан бастап, жергілікті жер мен ел билігін уысында ұстаған облыс әкімі де, арқалы азамат Мәдениет және спорт министрі де қолдайтынына зор үміттіміз!
Асқар АЛТАЙ,
жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лаураты,
Халықаралық Франц Кафка атындағы алтын медальдың иегері,
Сайлау ТӨЛЕУОВ,
журналист