• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қараша, 2017

Жұмыстардың орындалуы назардан тыс қалмайды

524 рет
көрсетілді

2017 жылғы 13 қараша күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген, газеттің облыстағы меншікті тілшісі Хамит Есаманның «Тұрғындарды толғандырған түйткіл» атты мақаласында бірқатар сын айтылған болатын. Осыған орай аудан әкімдігі тарапынан біз өз жауабымызды жолдап отырмыз.  

Шу қаласына дейін ұзын­дығы 106 шаршы метр және диа­метрі 325 мм жер асты бо­лат газ құбыры «Қордай» авто­мат­тандырылған газ тарату стансасынан жүргізілген. Аудан­да 36 елді мекен бар. Оның ішінде Шу қаласы, Жа­ңа­жол, Көкқайнар, Белба­сар, Еңбекші, Төле би, Бір­лік, Қонаев, Көк­төбе, Бірлі­күстем елді мекендері газ­дан­­дырылған. Алға, Сауытбек ауыл­­дары газдандыры­луда. Сон­­дай-ақ Абай, Мойын­құм, Жиен­бет, Еңбек, Ақ­тө­бе, Балуан Шолақ, Бәйді­бек, Ақтасты, Бөл­тірік, Дала­қай­нар, Шоқпар, Тасөт­кел су қой­масы, Аспара, Тасөт­кел, Жайсан, Оразалы батыр, Ақсу елді мекендеріне газдан­дыру үшін магистралды газ құбы­рын жүргізуге жоба­лау-сметалық құжаттар әзірленуде. Ал Аң шаруа­­шы­лығы, Жиделі, Еспе, Құлақ­­шын, Алайғыр, Құмөзек ауыл­­­дарының тауарлық газға қосы­лу мүмкіндігі болмай отыр. Себебі халық саны аз және елді мекен магистралды газ құбырынан қа­шық­та орналасқандықтан газ құбырын жүргізу тиімсіз.

2014 жылы Төле би ауыл­дық округінің әкімі Е.Да­беров және «Париев» ЖШС ди­ректорының орынбасары Нұрхожа Дүй­сен­бековпен өткен ауыл тұрғын­дарымен кездесу барысында тұр­ғындар газ құбырын жер ас­тымен тарту технология­сын және 420 мың теңге қаржыны құраған тауа­рлық газға қосылу құнын бірауызд­ан қолдаған болатын. Сол уақытта көшеге әлі де газ құбыры жүргізілмегендігіне қарамастан, бар болғаны 8 түтін мердігер ұйым­мен келісімшартқа отыр­ғаны­мен, газ құбыры үй ірге­сінен өтіп, тұтынушы оған іс жүзінде қосылмағандықтан, еш­қай­сысы қаражат төлеуді баста­ма­ған еді. Сондықтан бұл азаматтармен жасалған келісімшарт өзгертілді.

«Егемен Қазақстан» га­зетінде жазыл­ған бағаның 570 мыңға көтерілу себебіне келер болсақ, 2015 жылы құрылыс материалдары құнының екі есеге қым­баттауына, яғни қаржылық өзге­рістерге байланысты тауар­лық газға қосылу құны 150 мың тең­геге қымбаттап, жалпы сомасы 570 мың теңгені құрады және бұл сомаға пеш кірмейді. Газ құбырын тарту жұмыстары барысында мердігер «Париев» ЖШС тұрғындардың келісімі бойынша Шу қаласындағы Жайсан тұрғын үй алқабынан Төле би ауылына дейінгі 8,5 шақырымды құрайтын полиэтилен газ құбырын 281 мың теңгеге жер астымен жүргізді. Сондай-ақ жалпы саны 4200 түтінді қамтитын ауылдағы жал­пы ұзындығы 136 шақырымның 31 ша­қырымына құбыр тартылды. Газ жүргізуші мердігер бүгін­гі күн­ге өз қаражаты есебінен 1 мил­­лиард 600 мың теңге болатын ин­вестиция салған.

Төле би ауылындағы газ­дан­дыру жұмыстарының өзге ауыл­дарға қарағанда ерекшелігі қазір­гі талапқа байланысты жер асты газ құбыры жүргізілген. Сон­дықтан мердігер «Париев» ЖШС-нің ауылды газдандыруға кететін шығыны 1 миллиард 670 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржыны 4170 аула санымен шаққандағы төлем бағасы Төле би ауылындағы көшелерге жүр­гізілген газ құбырларының қар­жысы әр үйге 390 мың теңгеден, Шу қаласынан Төле би ауылына дейінгі жоға­ры қысымды магистралды газ құ­бырының қаржысы әр үйге 60 мың теңгеден, көшеге жүргізіл­ген газ құбырынан аула бойымен қосылу нүктесіне дейінгі қаржысы 120 мың теңгеден айналады. Сонда барлық төлем бағасының қосындысы 570 мың теңге болады.

Сондай-ақ мақала барысында табиғи газға қосылу құны мен пеш, тағы басқа қажетті заттарды қосқанда жалпы құны 80 мың теңгеге баратыны да айтылған. Жалпы шығынның мұндай сома­ға жетуінің бірден-бір себебі, газ пеші құнының қымбаттығы деп білеміз. Мысалы, аудандағы сау­да орталықтарында газ пешінің құны 120 мың және 200 мың теңге аралығын қамтиды.

Енді белгіленген бағаны төмендету бойынша мынадай жұмыстар атқарылды. Шу қала­сындағы Жайсан тұрғын үй алқабынан Төле би ауылына дейінгі 8,5 шақырымды құрай­тын магистралды газ құбыры­на облыстық мәслихат арқылы 251 миллион 145 мың теңге қаржы магистралды газ құбырын сатып алуға бөлініп, тиісті құжат­тар ресім­делгеннен кейін 95 мың теңгеге арзандап, нәтижесін­де тұр­­ғындарға белгіленген баға 475 мың теңгені құрады. Төле би ауы­лы тұрғындарының өз еріктері бойынша газға қосылған үй ауласына қажетті құрылғылар орнатуға жұмсалатын 52800 тең­ге қаражат осы соманың ішін­де. Ал басқа ауылдарда газға қосылу бағасының ішінде бұл қар­жы қосылмаған. Яғни, бұлар – есеп­тегіш құралы – 12500 теңге, жоба – 15200 теңге, жобамен келісім – 2100 теңге, арка – 20 мың теңге, желдеткіш – 6 мың теңге. Бұл қаражатты қоспағанда 422 200 теңгені құрайды.

 Мақала барысында айтылған аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсы­баевтың мәлімдемесі қазір­гі уақытта өз күшінде. Яғни, алғашқы төлемақы 100 мың тең­гені төлеп, қалған соманы бір жыл ішінде бөліп төлеу қарастырыл­ған. Сонымен қатар әлеуметтік әлсіз топ­тар үшін өзге де тиімді жеңілдіктер бар.

Төле би ауылы бойынша 59 көше­нің 23 көшесіне газ құбы­ры жүргізіліп, бүгінгі таңда 23 көше бойынша 1300 абонент­тің көгілдір отынға қосылу мүм­кін­дігі туды. Оның ішінде 280 тұр­ғын газға қосылып, келісім­шарт жасасқан 300 абонент газ­ға қосуға қатысты құ­ры­лыс жұ­мыс­тарын жүзеге асыратын кәсіпорын жұмысшы­ларының құбыр­ға жалғап бе­руін күтуде. Газға бір або­ненттің қосылу бағасы – 475 мың теңге. Жалпы, бұл жұ­мыс­тардың орындалуы бақы­лауға алынып, назардан тыс қалдырылмайтын болады.

 

Зият ТҰРСЫНҰЛЫ,

аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

бөлімінің басшысы

Жамбыл облысы,

Шу ауданы