• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2017

Жамбыл ауылына су келді

222 рет
көрсетілді

Бірақ, өкінішке қарай, Жамбыл ауылдық аумағында Жаңатаң, Әйтей шағын ауылдарын қосқанда бар-жоғы 1267 адам қалыпты. Тұрғындар санының азайып кетуіне орай, қазір аудан әкімдігі оңтүстік облыстарға барып, ауылдарына сол жақтан отбасыларды көшіріп әкелу жұмыстарын қолға алыпты. 

Елге ел қосылса құт. Осын­­дай игі тілекпен біз де жуыр­да ғана Лебя­жі ауданына ба­рып қайт­тық. Негізі, аудан облыс орталығына жақын ор­­на­­­­ла­с­­қан. Ауыл­да­ры, аудан орта­лығы Омбы-Май­қапшағай бағы­­тын­дағы Семей арқылы Қы­тайға жете­тін халықаралық жол­дың бойында. Биыл үлкен жол жаңарып, жарқырап жөн­деуден өтіпті.

Жолсапар барысында ау­дан­­ның Жамбыл, Ямыш, Қы­зыл­әскер деп ата­­латын ауылдарында атқарылып жатқан әлеу­меттік-тұрмыстық сала жұ­мыстарымен таныстық. Жал­пы, өңір бойынша асқа­бақтың, қарбыздың түрлі сорттарын өсірумен аты шыққан ауылдар да бар. Аудан орталығы Аққулыда, Бесқарағай, Чер­ное, Малыбай ауылдарына орталық­тандырылған су құбыры тартылыпты.

– Бұдан басқа, Шарбақ­ты, Шабар, Ямышев және Тілек­­тес ауылдарында­ KБM қон­дыр­­ғылары жұ­мыс­ істеп тұр.­ Орталық су жүйесіне қосылмаған 13 ауылда ауыз су қоры нақтыланды. Шар­бақты, Шабар, Шақа ауылдарына орталықтандырылған су құбырын тарту үшін облыстық бюджет қаража­ты есебінен жобалау-сме­­та­лық құжаты әзір­лен­ді, ­қазір сараптамалық ко­мис­­сияның қарауында, – дей­ді аудан әкімі Ернұр Әйткенов.

Айтса айтқандай-ақ,­ Жам­был ауылына келгені­мізде жақында ғана пай­да­ла­нуға берілген су құбыры нысанына барып көр­дік. Құрылыс барысында су тартқыш 2 мұнара, ұзын­дығы 9000 метрді құрай­тын, диаметрі 110 мм негіз­гі құбыр, 118 негізгі темір-бетон құдық, 114 үйге су жеткізу құдығы салыныпты. Су тазарту, су алу құрылғылары орнатылған алаң қоршалып, сырланған, электр қуаты тартылыпты. Ауылдың 3 тұрғыны тұ­рақты жұмысқа орналасыпты. Ауылда үйге су жеткізіп берген мұндай құрылыс өмірі болмаған деп те жатыр тұрғындар.

Құрылыс биылғы жыл­дың сәуір айында ғана басталыпты. Жергілікті «АйСу Мелиорация» ЖШС-мен құны 330 миллион 375 мың теңгеге келісімшарт жасалған. Ауыл әкімдігінің ақпаратынша, 283 миллион 361 мың теңге иге­рілді. Оның ішінде 217 мил­лион 450 мың теңге республикалық бюджеттен, 65 миллион 911 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.

Біз қаладағыдай су ке­ліп, ас бөлмеде ыдыс жуып жатқан Қадиша Жұман­баеваның үйіне келіп, құтты болсын айтып шықтық. Қа­ди­шадан басқа бірқатар от­басы барлық құрыл­ғыла­рын орнатып алыпты, үйлеріне су келіп тұр. Қалған тұр­ғындар да үйлеріне су тарту жұмыстарын алдағы көк­темге жоспарлап отыр. Жақсы-ақ. Бірақ, аудан ор­талығының ірге­сінде тұр­ған Жамбыл ауылы­ның ішін­де, кіреберіс көшесінде жи­нақылық, ұқыптылық жоқ­ты­ғы, назарда тыс қал­ғаны бай­қалады.

– Қазір аудан әкімдігі оңтүс­тік облыстардан­ кө­шіп келу­шілерге алдын-ала осылай әлеу­мет­тік жағдайлар жасаудамыз. Ауданда 13 мыңдай халық тұра­ды, 23 ауылдық аумақ бар. Осы ауылдарға көшіп келетін отбасыларды орналастырамыз. Биыл жыл соңына дейін Ямышев ауылындағы су құбырының құрылысы аяқталады. Жобалар іске қосылғанда, тұрғындарды орталықтандырылған ауыз су жеткізу көрсеткішін 52,7 пайыз болмақ, – дейді аудан әкімі.

 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы