«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы бірлесіп ұйымдастырған көрменің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы» Жарлығына қолдау білдіру.
Мәні зор шараның Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымыз, дейді көрменің ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.
Қазақ КСР-інде латын қарпі қолданыста болған 1929-1940 жылдар аралығында елімізде барлығы 1,5 мыңнан аса кітап латын әліпбиімен шыққан екен. Бұл көрмені көріп, тамашалаған жандар елімізде 2025 жылдан бастап қабылданатын латын қарпін жатсынбай, түсіністікпен қабылдамақ. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Мұхтар Манкеевтің айтуынша, көрме 1 желтоқсанға дейін тұрады.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
Орал