• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Желтоқсан, 2017

Махат Садық: Естен кетпес сапар еді

563 рет
көрсетілді

1991 жыл. Шілде. Ел Пре­зиден­тінің шетелге тұңғыш сапары. Қытай Халық Республи­касына алғашқы достық сапарында Н.Назарбаев 40 сағат жол­да болды. Оның 20 сағатын ұшақта өткізді. 

ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен, Қытай Үкі­меті мен Пекин қаласының және СУАР басшылығымен кез­десті. Ірі қалалар мен үлкен кәсіп­орындарда болды. Осы жолы «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл темір жол мен автомагис­траль толық іске қосылғанда, Ты­нық мұхит жағалауымен Еу­ро­паны тұтастыратын жол Қа­зақстан арқылы өтетіндігі айтылды. Бүгінде Ортаазиялық Иран­мен қосқан темір жол жө­нінде сол кезде сөз етілген-тұ­ғын. Әрине Үрімшіде өткен аға­йындармен жүздесу ерекше әсерлі болды. Тіптен прото­кол­да жоспарланған сапар сон­дағы қандас ағайындардың өтінішіне орай бір тәулікке созыл­ды. Сапар қорытындысында Мем­лекет басшысы: «Алыстағы ағайындарға туған Отаны – Қа­зақстан шекарасын айқара аш­ты, сол мәселені толықтай ке­лісіп, шешіп келемін» дегені ес­те. Қазір еліміздегі қазақ тілді журналистердің біразы сол алыстан келген ағайындар, солар­дың балалары.

Махат САДЫҚ, журналист