• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Қараша, 2017

Жамбылдық жастар «Азаматтық бақылауға» кірісті

192 рет
көрсетілді

«Жас Отан» Жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы әлеуметтің жүгін көтерер «Азаматтық бақылау» деген жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әлеуметтік тапсырысы бойынша қолға алынып отыр. Қазірдің өзінде халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «қоғамдық қабылдау» бөлмелері ашылды.

Облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалар аясында  кеңестер беріліп, тиісінше көмек көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, жоба шеңберінде облыс аумағындағы 2000-нан аса тұрғынға түрлі кеңестер берілген. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 3000-дай мемлекеттік қызметтерді көрсететінін ескерсек, қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғаны сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына бірден-бір себеп. 

Сонымен қатар, «Азаматтық бақылаудың» аясында «Жасырын сатып алушы», «Таза сессия», «Парасыз болашаққа» акцияларымен Жамбыл облысындағы барлық мемлекеттік мекемелер, емханалар, оқу орындары және жекеменшік мекемелерін кездесу, семинарлар өткізілді.