• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Белсенді елдердің көшбасшысымыз

412 рет
көрсетілді

КСРО-ның жаппай қарулану тарихының айтарлықтай кезеңі 40 жылдан астам қызмет еткен Семей полигонымен тікелей бай­ланысты болды. Ядролық қа­ру­ды сынақтан өткізетін әлемдегі ең үлкен полигон болып та­был­ғандықтан, ол КСРО-ның ең құ­пия нысандарының біріне айнал­ды. Осы құпияны құдіреті күшті әскери-өнеркәсіптік кешен аса қатаң сақтайтын. Бұл полигон ядролық теке тірестің әйтеуір бір зор апатқа әкелетінін үне­мі еске салып тұратындай еді. Ядролық қаруды сынау осы төңіректегі халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға орны толмас зардабын тигізді. Мұндағы ауру түрлері тіпті, медициналық картотекада да кез­­деспейтін, оған қарсы қандай ем-дом барын жергілікті дәрігерлер мүлде білмейтін еді. Кейін полигон зардабына ұшыраған Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыс­тарының аудандары экологиялық апат аймағы деп жарияланды. Қазір сол аймақтарда залал тартқан жандардың өздері ғана емес, ұрпақ­тары да денсаулықтарынан зардап шегуде. Егер ядролық полигонның тарихына тоқ­тала кететін болсақ, бұл жер адамзаттың ақыл-ойының күшімен жасалған ең үлкен қасіретке тап болған аймақ екенін көреміз. Ең бірінші ядролық бомба бұл жерде ашық әдіспен 1949 жылдың 29 тамызында жарылды. Ал 1953 жылы алғашқы термоядролық құрылғы сынақ­тан өтті. Екі жылдан соң сутегі бомбасы жа­рылды. Аждаһаның қуаты жыл санап күшейе түскен сайын, халыққа, экологияға тигізетін залалы да арта берді. 1989 жылғы соңғы жары­лысқа дейін бұл жерде 40 жыл бойы 468 ядролық жарылыс болды. Хиросима қаласына тасталған бір бомба ғана бір сәтте 100 мыңнан артық адамды қаза қылып, жүздеген мың адамға жазылмас жарақат салған еді. Ал Семей полиго­нындағы жарылыстардың күші одан 2,5 мың есе қуатты болды... Ядролық бомбалардан тараған радиа­ция 300 мың шаршы шақырымнан астам жердің ауасын, суын уландырып, орны толмас экологиялық зиян шектірді. Бұл еуропалық ірі елдердің террито­риясына тең аумақ. Миллионнан артық гектар жер ұзақ жылдарға жарамсыз болып қалды. Қырық жыл бойғы аспан мен жерді тұтас­тырып, солқылдатқан ядролық жарылыс тұрғын­дарды моральдық күйзеліс жағдайына ұшыра­тып, денсаулықтарына орны толмас жара салды. Жалпы саны 1,5 миллиондай адам осындай зардап шекті. Жарылыстардың экологиялық зиянды салдарының адамдардың тұрмысына тура ық­палы болмағанымен, ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіруге кері әсер етіп, экономикалық даму әлеуетін тежеді. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды әсер­лердің кейбірі бұрын болған, қайсыбірі қазір де жалғасуда, болашақта да жаңадан туатындары бар екені белгілі болып отыр. Сондықтан олар­ды жоюдың және алдын алудың тиісті шаралары тоқтамауы керек. 1949-1989 жылдары экология­лық ақпараттың болмауы халыққа қаншалықты зиян шектіргенін болжап білу қиын. Қазір ғана ядролық сынақтардың радиоактивті залалдары жергілікті, аймақтық тіпті ғаламдық ауқымға жеткенін біліп отырмыз. «...Барлық жауапкершілікті мойныма ала отырып, өзімнің Жарлығыммен Семей ядролық сынақ полигонын жабылды деп жариялаймын. Ядролық тарихтың бір беті аударылды...», деп басталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрын халыққа жариялаған Үндеуі күні бүгінгідей өз маңызын жойған жоқ және жоюы мүмкін де емес. Бұл Елбасының барынша дана, сонымен қатар, батыл шешімі еді. Уақыт өткен сайын оның тарихи маңызы арта берері сөзсіз. Ұзақ жылдар өткен соң дү­ние жүзі қауымдастығы Қазақстанның ұсы­нуымен осы күнді Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жария­лауы осы сөзімізге дәлел болады. Тәуелсіздік алған кезде әлемдегі төртінші орындағы ядролық арсеналды иемденген біз­дің елімізге ядролық қаруы бар мемлекет атануға деген қызығушылық үлкен болды. Бірақ Қазақстан басқа жолды қалады. Көпте­ген санкциялар мен сындарға ұшырайтын ядролық қаруы бар жаңа ел болғанша біздің мемлекет өркениетті әлемнің сенімді әрі бол­жамды әріптесіне айналуды қалап, аждаһа қарудан өз еркімен бас тартты. Қазақстанның ядросыз әлем жолындағы күресі полигонды жабу және аждаһадан бас тартумен ғана шектелген жоқ. Халықаралық аренада ядролық қасіретті бастан кешкен Қазақ­стан оған қарсы күрестердің белсенді баста­машысы болып отыр. ТМД елдері ара­сынан Қазақстан ең алғашқылардың бірі бо­лып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Он бес жыл бұрын еліміз Ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу жөніндегі шартқа қосылды. 2005 жылы Қазақстан Ядролық терроризм актілеріне қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға мүше болып кірді. Ал 2006 жылы АҚШ пен Ресей Федера­циясы жариялаған Ядролық терроризмге қар­сы күрес жөніндегі жаһандық бастама құрыл­тайшыларының бірі болды. Жуырда Астанада өткен «Ядросыз әлем үшін» атты халықаралық форум әлемге әйгілі мемлекеттік және саяси қайраткерлерді жинап, ядролық қарудан бас тартуға, әлемдегі бейбітшілікті сақ­тауға үлес қосу жөніндегі маңызды пікір алмасу алаңына айналды. Форумға қа­тыс­қан барлық белсенді қайраткерлер бұл іске Қазақстанның қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Конференция қоры­тындысы бойынша қабыл­данған Астана декла­рациясы ядросыз әлем жолындағы қозға­лысқа қосылған маңыз­ды үлес екені сөзсіз. Сергей ПЛОТНИКОВ, сенатор.   Дерек пен дәйек • 2011 жылдың 4 қаза­нын­да АҚШ астанасы – Вашингтон қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аме­ри­калық «Ядролық қатерді қыс­қар­ту туралы бастама» (NTI) қо­рының сыйлығын алды. Бұл Қа­зақ­стан Президентінің ядро­лық қаруға қарсы жүргізген көпжыл­дық ең­бегінің бағасы еді. Туған халқының ядролық сынақ­тар қа­сіретін басынан кешіп жат­қа­нын көрген Н.Назарбаев оны жер бетінен аластау үдері­сіне ерте бастан кіріскен еді. • 1989 жылғы 20 ақпанда Се­мей ядролық сынақ полиго­нын­дағы жарылыстарды уақытша тоқтату немесе күшін азайту туралы Семей обкомының бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев­тың Михаил Горбачевке хаты сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың қолдауы­мен жа­зыл­ған-тын. • 1991 жылғы 29 тамыз. Президент Н.Назарбаев КСРО саяси басшылығының, Әскери-өнер­кә­сіп кешенінің қарсылы­ғы­на қара­мастан, Семей ядро­лық сынақ полигонын өзінің №409 Жар­лы­ғымен жапты. • КСРО ыдырағаннан кейін, 1991 жылдың 21 желтоқ­са­нын­­да Алматыда «Алматы дек­лара­ция­сы» қабылданып, сол жолы аума­ғында ядролық қаруы бар Қа­зақстан, Беларусь, Ресей, Украина республикала­рының бас­­­шылары КСРО-ның стра­те­гиялық ядро­лық күшіне бірлескен бақылау орнату жө­нінде келісімге келді. Сонымен бірге, КСРО-ның стра­тегиялық ша­буыл­даушы қару-жарағын қыс­­­қарту жөніндегі ха­лық­ара­лық міндеттемелерін орын­дауға уағдаласты. • Қазақстан қуаты әлемде төртінші орын алатын ядролық арсеналынан бас тартатын­ды­ғын жариялап, 1992 жылдың 22 мамырында Лиссабон Хаттама­сына қол қойды. Бұл шешім АҚШ, Еуропа және БҰҰ тара­пынан қуа­нышты қолдау тапты. • 1992 жылы Қазақстан ау­мағында тұңғыш рет халық­аралық қатерді бірлесе отырып азайту немесе «Нанн-Лугар» бағ­дарламасы деп аталған шара бо­йынша ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың зиянды қалдықтарын жою жобалары іске асырылды. • 1994 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Атом энергиясы жө­ніндегі халықаралық агенттік­тің (МАГАТЭ) мүшесі болды. • 1994 жылдың 5 жел­тоқ­са­нында Ресей, АҚШ және Ұлы­бри­та­ния Қазақстанның Ядро­лық қаруды таратпау жөнін­дегі шартқа қол қоюына және осы қарудан өз еркімен бас тар­туына байланысты қауіп­сіздігіне кепілдік беретіні туралы ме­мо­рандумға қол қойды. Кейін, бұл ме­мо­ран­думға Қытай мен Франция да қосылды. • Қазақстан 1995 жылы, өз ау­ма­ғынан ядролық қару арсена­лын әкету жөніндегі міндеттемесін то­лық орын­дағаннан кейін, оның инфрақұ­ры­лымдарын жою және бұрынғы әскери өндірісті аза­мат­тық мақсатқа конверсиялаумен ай­налысты. Бұл істе МАГАТЭ шең­­берінде Ұлыбрита­ния, АҚШ, Швеция және Жапония тара­пы­нан техникалық кө­мектер көрсетілді. • 1996 жылғы қыркүйектегі БҰҰ 51-сессиясы кезінде Қа­зақстан Ядролық сынақтарға жаппай ты­йым салу туралы шартқа қосылды. Оған қосыла отырып, ядролық қаруға жа­һандық мониторинг жүйесін құру жұмысына белсене қа­тысты. • 1994-1996 жылдар­да­ғы ядро­­лық қарусыздану сала­сын­да­ғы белсенді әре­кет­тері ескеріліп, Қазақ­стан 1999 жылы Қа­ру­сыздану жөніндегі кон­фе­ренцияның мүшелігіне қа­был­данды. • 2002 жылдың 13 ма­мырында Қазақстан Ядро­­лық жабдық­таушы­лар то­­­бына 40-шы мүше бо­лып енді. Бұл топ мү­ше­ле­рі­нің мақсаты – тер­­ро­ризмге қарсы күрес, жаппай қы­рып-жоятын қа­ру­лардың (ЖҚҚ) та­ра­луы­на қарсы әрекеттер жасау және ядролық ма­те­риал­дарды пай­далану мен олар­дың қозғалысына ба­қылау жасау. Айқарма беттің материалдарын ұйымдастырған Жақсыбай САМРАТ.