• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Ядросыз әлем – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі

2122 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында Қазақстанның сырт­қы саясатындағы маңызды мәсе­ленің бірі стратегиялық ядролық күштердің тағдыры болды. Егер бізде «қырғи-қабақ соғыс» жыл­дарында ядролық қару адам­затқа қатер төндіруші күш бо­лып танылса, 90-шы жылдар­да­ғы геосаяси өзгерістер бұл қа­руды аумақтық тұ­тас­тықты сақ­тауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастыру орын алды. Сондықтан да қазақстандық БАҚ ядролық қарудан айрылмау керектігі жөнінде үлкен пікір­сайыстар ұйымдастырып жат­ты. Егер сол жылдары ядролық қарудан айырылмаймыз деп бү­кіләлемдік ұстанымға қарсы шықсақ, Қазақстанның қазір қан­шалықты дәрежеде дамы­ғаны белгісіз болар еді. Қо­лымыздағы 1400 ядролық оқ­тұмсығы бар 104 СС-18 және 240 қанатты зымырандар ұлан-ғайыр әскери күш болғанымен, елдің экономикасының да­муы­на, саяси сенімділігі мен бол­жалдылығының қалыптасуына жақсы әсер етуі екіталай еді. Болашақты өте дұрыс бол­жаған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бейбітсүйгіш саясат ұстанды. 1992 жылдың 22 мамырында Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт­тың Лиссабон Хатта­ма­сына қол қойып, ядролық қа­рудан өз еркімен бас тартатынын бүкіл әлемге паш етті. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстан мен Ресей Феде­ра­циясы қарым-қатынасын жақ­сар­ту факторларының да бірі болды. Екі елдің арасындағы Әскери ынтымақтастық жөніндегі шартта «Қазақстан өз аумағындағы стра­тегиялық ядролық күштердің сақ­талуында күрделі жүйенің қа­лыптасуын ескере отырып, осы әскери құрамаларға Ресей Феде­рациясының стратегиялық әскери күштері мәртебесін беруді та­ниды. Қазақстан Республи­ка­сы­ның аумағында уақытша орна­ласқан ядролық қарулар толық жойылғанша немесе ол Ресей Федерациясының аумағына толық әкетілгенше оны қолдану туралы шешімді Ресей Федерациясының Президенті Қазақстан Республи­касының Президентімен келісіп жасайды» делінген. Осы шарт Қазақстанда ор­наласқан стратегиялық ядролық күштердің кейінгі тағдырын түп­кілікті шешті. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстан басшысының саяси жа­ғынан аса маңызды, дұрыс қада­мы болды. Егер ядролық қарудан айырылмаймыз деген саясат ұс­тал­са, шет елдермен, соның ішінде Ресей Федерациясымен арада­ғы қатынастың қандай болары белгісіз еді. 1994 жылғы 5 желтоқсанда Будапеште Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) депозитарийлері – АҚШ, Ұлыбри­тания және Ресей Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқандығы үшін қауіпсіз жолмен дамуын қамтамасыз ететіндігі туралы меморандумға қол қой­ды. Артынан бұған Қытай мен Франция да қосылды. Қазақстан аумағында орна­ласқан ядролық қарудың тағды­рына Батыс кезінде қатты алаң­дады. Батыс сарапшылары Қазақ­станның ядролық қаруды сынақ­тан өткізуде негізгі рөл атқар­ғанын ескере отырып, КСРО тараған соң стратегиялық ядро­лық арсеналдан бас тартса да өзінде тактикалық ядролық әле­уетті қалдыруы мүмкін деген болжамдар айтып жатты. Бұл шындыққа жақын болатын. Бірақ Қазақстан өз аумағындағы барлық ядролық күшке қатаң бақылау қоя біліп, ол аумағы­мыздан толық әкетілгенше немесе толық жойылғанша жал­ғастырды. Сөйтіп, ядролық қа­руды таратпау ісіне өзіндік үлесін қосу арқылы көптеген шет елдердің, соның ішінде АҚШ пен Батыс Еуропа ел­дерінің сеніміне ие болып, өзінің салиқалы саясат ұста­натын ел екенін көрсете білді. Соның арқасында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы да артты. Бүгінгі күні Қазақстан бар­лық адамзатқа ядролық қару­дан өз еркімен бас тартқан ел ретінде белгілі және оны таратпауға, жасамауға шақыруға толық құқылы. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да 2010 жылы Қазақстанға келген сапа­рында атап айтты. Қазір Қазақ­стан ядросыз әлем жолында бүкіл адамзаттың бақыты үшін белсенді қадамдар жасауда. Соның бірі 2011 жылдың 12-13 қазанында Астанада болған «Ядросыз әлем» атты халық­ара­лық форум. Баубек СОМЖҮРЕК, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы.