• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2018

Александр Квасьневский: Бес әлеуметтік бастама - заман талабына лайықты жауап

301 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастама­сы 2008 жылдан бастау алған­ эко­номикалық дағдарыстан туын­даған құ­рылымдық мәселелерге бе­ріл­ген лайықты жауап болып табы­ла­ды. Нақтылай айтқанда, бұл бас­та­­малар халықтың өмір сүру дең­гейін жақсартуға, табыстың теңсіз­дігінің өсуін тоқтатуға, көші-қон және жұ­мыссыздық мәселелерін оңтай­ландыруға өзіндік жағымды әсерін тигізеді. 

Негізінде тек нарықтық қа­ты­настар арқылы әлеумет­тік-эко­номикалық мәселелерді шешу мүм­кін емес. Бұл арада мемлекеттен тиісті қол­дау көрсетілуі қажет. Прези­дент­тің осы бес әлеуметтік бастамасынан халық­ты мемлекет тарапынан жан-жақты қол­дау ісі анық көрінеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеу­мет­тік бастамасы Қазақстанды Орталық Азия елдері арасындағы көшбасшы мемлекетке айналдырады. Өйткені онда заманауи әлеуметтік шараларды қолға алу, халықтың әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайын көтеру, эконо­миканы дамыту мақсатында бір мезгілде жаңа негіздерді қалыптастыру көзделген. 

Қазіргі таңда көптеген елдер өз хал­қы санының өсуіне сай іс-қимылдар жа­сауда. Қазақстанда да алдағы 25 жыл­да халық саны 20 пайызға артады. Сон­дықтан Президент Н.Назарбаев өз бастамасы арқылы елдің әрбір тұр­ғынына баспана алуды қолжетімді етуді көздеп отыр. Бұл өз кезегінде бірнеше мәселелердің бір мезгілде оң­тайлы шешілуіне мүмкіндік береді. Біріншіден, халықтың өмір сүру деңгейі артады. Екіншіден, құрылыс саласының экономикалық тұрғыда дамуына жол ашылады. Үшіншіден, электр энергиясын тиімді әрі үнемді тұтынатын, экологиялық таза, инфрақұрылымы жетілген үйлер пайда болады. Төр­тін­шіден, жастарды қолжетімді, сапалы білім­мен, жұмыспен қамтуға, халық ден­саулығын жақсартуға бағытталған жұмыстар қарқын алады.

Тәуелсіздігін жариялағалы бері Қаз­ақ­­стан өз экономикасын дамыту мақ­са­тын­да жүйелі жұмыстар жүр­гіз­ді. Бұл орайда Қазақстан шағын және орта кәсіп­керліктің рөлін артты­руға барынша көңіл аударып келеді. Пре­зидент бастамасында айтылған микро­кредиттеуді ұлғайту ісі осы бағыттағы жұмыстарға серпін беретіні сөзсіз. Бұл арада қолдағы мүмкіндіктерді тиімді пай­далану, оқы­ту бағдарламалары ар­қылы шағын кәсіп­керлік саласындағы азаматтар мен жас кәсіпкерлерге қол­дау білдіру маңызды. 

Қазақстан Президентінің әлеуметтік бастамалары бойынша ел тұрғындары табысының айырмасын азайтуға, осы мәселедегі теңсіздікті төмендетуге қа­тыс­­­ты нақты шаралар қолға алынбақ. Бұл орайда аз жалақы алатындарға са­лы­на­тын салық жүктемесі 10 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетілетіні белгілі болып отыр. Бұл қоғамдағы теңсіздікке қар­сы іс-әрекеттің нақты көрінісі болып табылады. 

Сапалы білім беру ісі жаһандық дең­­гей­дегі бәсекеге қабілеттілікті арттыратын заманауи үдерістерде жетекші рөлге ие. Бұл мәселе Прези­денттің үшінші әлеуметтік бастама­сында айтылған. Он­да жоғары тех­никалық білім беруге назар аудару, студенттердің жағдайын жақсарту мәсе­лелері атап көрсетілген. 

Алдағы он жылда Қазақстанда жо­ғары білім алуға талпынатын жастар саны ұлғая түсіп, осы саладағы білім ошақтарына деген сұраныс артады. Сондық­тан қазақстандық жастардың білім іздеп шетел асып кетпеуі үшін олар­­ға өз елінде жағдай жасалуы қа­жет. Міне, Қазақстан Президенті өзі­нің бес бастамасында осы ықтимал түйт­кілдердің алдын алуға қатысты тиісті шараларды қазірден іске асыруды тапсырып отыр.

Н.Назарбаевтың қолжетімді әрі сапалы білім беруге байланысты бастамасы аймақ елдері арасында Қазақстанды білім беру саласында жетекші орынға шығарады.

Алдағы 25 жыл көлемінде Қазақстан халқының 70 пайызы қалалық жерлерге шоғырлануы мүмкін. Бұл өз кезе­гінде таза энергияға деген сұранысты ұл­ғайта түседі. Сондықтан да Қазақстан Пре­­зиденті елдің оңтүстік өңірінен Ас­та­наға дейін газ құбырын тарту қажет­тігін өзінің бес әлеуметтік бастамасын­да атап көрсетті. Бұл – шынайы стра­тегиялық маңызды жоба. Аталған жо­ба іске асса, бұған дейін пайдаланып кел­­ген көмірді тұтыну тоқтатылып, эко­­логиялық мәселелер шешімін табады, ха­лық­тың денсаулығы, өмір сүру дең­гейі жақсарады. 

Александр КВАСЬНЕВСКИЙ,  Польша Республикасының бұрынғы президенті