• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

«Қазақстаннан үйренетін тұсымыз көп»

326 рет
көрсетілді

Қазақстан тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін көптеген қиын­шылықтармен, кедергілермен бетпе-бет келді. Өзінің геогра­фия­лық орналасуы жағынан дүние­жү­зін­дегі үлкен елдердің қатарында тұр­­ған Қазақстан табиғи ресус­тар­ға бай болғанымен, халқының саны өте аз болатын. Яғни, сол кезеңде Қазақ­стан халқының саны бір Ыс­тамбұл қаласының тұрғы­ны­на да жетпейтіндей еді. Тағы бір басты мәселе – ол мемлекет хал­қының ба­сым бөлігінің қазақ­тар­дан тұр­мағандығы. Мәсе­лен, өз еге­мен­ді­гін алғаннан кейінгі ке­­зең­де елдегі этникалық қазақ­тар­дың са­ны 50 пайыздан да төмен бол­ған-тұ­ғын. Ал қалған бөлігін 130 эт­нос­тың өкіл­дері құрайтын. Бұған жап­сарлас Қытай, Ресей сын­ды алып көршілер­дің жатқанын қосыңыз. Демек, алғашқы кездері ең күр­делі мәселелердің бірі – ол эконо­ми­калық шиеленістер мен түйін­дер, ха­лық­тың тұрмыс-деңгейінің, зей­нет­ақының төмендігі болды. Сон­дық­тан, сол экономикалық қиын­­дық­тарды шешу, қазақ этно­сын ал­ғы шепке шығару күн тәр­­тібінде тұрды. Бұл, әрине, өте күр­делі мә­селе бол­ды. Алайда, мемлекет мұн­дай қиын-қыстау кезеңнен ұтымды жол тауып, шыға білді. Егер де әлем­де «Бейбітшілік үшін» деген қандай да бір марапат та­ғайындалса, оған Қазақстан ла­йық деп ойлай­мын. Себебі, Қа­зақ­стан көп этнос өкіл­дерін өзінен ал­шақ­тат­пай, олар­дың басын бір жерге шоғыр­лан­ды­рып, біртұтас ха­лыққа айналдыра біл­ген мемлекет. Қазақ­стан үшін тә­жірибе ретінде белгілі бір үлгіні алу­дың қажет­тілігі жоқ. Керісінше, өз ішінде эт­ни­ка­лық қақ­тығыстары мен қайшы­лық­тары бар елдер Қа­зақ­станға бұры­лып, одан үлгі алуы қажет деп ой­лай­мын. Бұл Қазақ­стан Прези­денті­нің көшбас­шы­лық қа­сиетіне байла­ныс­ты дер едім. Н.На­зарбаев Қазақ­стан халқы Ассамб­­лея­­сын құр­ды. Бұл Ассамб­лея­ға конс­­ти­туциялық ке­ңестің бір ор­га­ны ретінде қара­ды. Яғни, бұл Қа­зақ­­стан­­да тұратын эт­нос өкілдері­нің бар­­лығы Консти­ту­цияның қор­ғауын­да екенін көрсете­ді. Мен Қазақстан халқын жақсы білемін. Бұл елмен үнемі байла­ныс орнатуға тырысамын. Мәсе­лен, қазақстандық орыс журналистермен сөйлескен кезде байқа­ға­ным, олардың біразы өз бала­ларын қазақ тілді балабақшаға беретінін естіп-білдім. Әрине, олар­ды ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бұл олардың осындай қадамға шына­йы ынта-ниетпен барғанының белгісі. Бұл айрықша ескерерлік жәйт. Әрине, мемлекет тарихы үшін 20 жыл соншалықты үлкен мерзім емес. Алайда, 20 жыл ішінде Қа­зақ­стан өз мемлекеттілігін дәлел­де­ді, әлемге айғақтады. Осы өңір­дегі басқа елдермен салыстыра қарайтын болсақ, Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізді. Түркиядағы этносаралық және конфесссияралық келісім мен Қа­за­қ­стандағы этносаралық және кон­фессияаралық келісім сая­саты­на келсек, көп айырмашылық бар. Бұл салада Қазақстаннан үйренетін тұс­та­ры­­мыз жоқ емес. Бізде өздері ту­ра­лы ашық, жария түрде айта ал­май­тын этникалық топтар кездеседі. «Егер, олар өздері туралы жария түрде ай­та­тын болса, Түркия өз іші­нен ыды­рап кетеді», деген қор­қы­ныш та бар. Соңғы кездері Түркияда этни­ка­лық мәселеде жаңа үдерістер байқалып келеді. Мәселен, Түр­кия­да бір тәу­лік­те 24 сағат бойы күрд тілінде хабар тарататын телеарна ашыл­ды. Егер, 2-3 жыл бұ­рын бұл жәйт тура­сында Түркияның ішінде айты­ла­тын болса, ешкім сенбес еді. Бұл ретте мен қан­дай да бір этни­ка­лық мә­се­лелер ұлт­тың өзінің ішкі кон­тексінде қарас­ты­рыл­ғаны жөн деп санаймын. Хаяти ТҮФЕКЧИОҒЛЫ, Ыстамбұл университеті  Еуразия институтының директоры, профессор. Түркия.