• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2011

Бесінші күн (30 қараша): Келісім

366 рет
көрсетілді

Жұлдызды  жиырма  күн

Ел бірлігі – кемел келешек кепілі

Тәуелсіздік алған 20 жыл бо­йын­да еліміздегі этносаясат күрделі өз­ге­рістерді бастан кешіргені мәлім, бі­рақ оның негізгі қағидалары, бас­ты ба­ғыттары әрқашан мүлтіксіз әрі мұ­қият сақталып отырды. Бұлар: Қа­зақ­стан халқының бірлігі; қазақ хал­қы­ның ұйыстырушы рөлі; то­лерант­тылық және жауапкершілік; Қазақ­стан этностарының мәде­ниет­тері мен тілдерін дамыту үшін бар­лық жағ­дай жасау; этностық, кон­фес­сия­лық, мәдени және тілдік әралуандық. Енді осы қағидаларды таратып айтып өтейік. Қазақстан халқының бірлігі қа­ғи­дасы – бұл Қазақстан Респуб­ли­касы қызметінің конституциялық қа­ғидасы, қоғамдық келісім, саяси тұ­рақтылық және қазақстандық патриотизмді жүзеге асырудың негізгі ережесі ғана емес, ең алдымен ел Тәуелсіздігін баянды етудің негізгі қайнар бастауы, барша ел игілігі үшін экономикалық және әлеу­мет­тік дамуды жемісті іске асыру мүм­кіндігі. Бұл қағиданың эконо­ми­ка­лық даму деңгейі мен саяси жүйе­сі­нің сипатына қарамастан, кез кел­ген полиэтносты қоғамда іске аса­ты­нын тарих дәлелдеп берді. Ел бірлігіне қол жеткізген елдер қан­дай да бол­ма­сын қолайлы геосаяси және гео­экономикалық жағдайсыз-ақ, жо­ға­ры даму деңгейіне қол жеткізіп отыр­ғаны баршаға мәлім. Ал керісінше этностық белгі бойынша жіктелу бар кез келген мемлекет тұрақ­сыз­дыққа ұшырап, өз дамуы­на тос­қауыл қояды. Сондықтан да, өзіне тән тарихи жолы бар, экономикасы тиімді нарықтық үлгіге негізделген, де­мо­кратиялық қоғам құрушы мемлекет ретінде Қазақстанды қалып­тас­тыруда таңдаудың әуелден «бір ел – бір тағдыр» қағидасына тү­сері айдан анық еді. Қазақ халқының ұйыстырушы рөлі қағидасы – Қазақстан қазақ хал­қының көп ғасырлық мемле­кет­тігінің бірден-бір құқықтық және тарихи мұрагері және саяси әрі мемлекеттік дәстүрлерін жалғас­ты­ру­шы екендігіне, сондай-ақ оның этностық аумағында құрылғанды­ғына негізделген. «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда және «Қазақстан Республика­сы­ның мемлекеттік Тәуелсіздігі ту­ра­лы» Конс­ти­туциялық заңда егеменді ұлттың әрі қарай ұйысуы­ның негіздерін айқындаған екі қа­ғи­дат жария етілді: біріншіден – Қазақстан мемлекетін құрудың ал­ғы­шарты болып та­былатын қазақ халқының өз тағ­ды­рын өзі таңдау құқы; екіншісі – ел­дің барлық аза­маттары үшін жаса­латын тең мүмкіндік. Осы орайда, «менің тілім – менің халқым – менің елім – менің жерім» сияқты ортақ ұғымдар эт­но­сына қарамастан барша Қазақ­стан азаматтарына бірдей тән. Өткен ғасырда қазақ даласына 1,2 миллионнан астам түрлі этнос өкілдері күштеп қоныс аударыл­ды. Онда да қазақтың дархандығы шешуші рөл атқарып, бөтен жұрт өкіл­дерін өгейсіткен жоқ. Нәубет жыл­дарында этностардың басына түс­кен трагедия түрлі ұлт пен ұлыс­тың қарым-қатынастарына, түсі­ністігіне үлкен әсер етіп, зұл­матты бірге көтеруіне септігін тигізді. Халықтар достығы сол кездің өзінде іргетас болып қаланған еді. Яғни, қасаң заманда қазақ жерінде қалыптасқан құндылықтар мен бүгінгі елдік бірлік пен татулықтың арасында тікелей байланыс бар. Бүгінде этностық топтар осын­дай берік негізден бастау алып, қазақ ұлтының айналасына жұмылып, ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақ­стан­ды құру ісіне үлестерін қосуда. 100-ден астам этнос өкілдері тұ­ратын, түрлі этностық топтар ара­сын­да тұрақты қарым-қатынас қа­лып­тасқан Қазақстан үшін толерант­ты­лық пен жауапкершілік ерекше маңызды. Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылында «толеранттылықтың» өзін­­­дік түсінігі қалыптасып, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының негізінде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Егер дәстүрлі, батыс­тық тұрғыда толеранттылық дегеніміз – заң ережелері мен саяси дәл­дік талаптарына негізделген төзімділік деген ұғымды білдірсе, Қазақстан үшін толеранттылық, ең алдымен халық жадындағы жа­зыл­маған ереже, этносаралық қа­ты­нас­тардың ақиқаты мен қоғам­дық адамгершілік қағидалары. Елімізде толеранттылық ұғы­мы сенім, өзара құрмет, ынтымақ­тас­тық және мәдениетаралық диалог арқылы түсіндіріледі. Оның негізінде дәстүр мен патриотизм, жаңару, жасампаздық және жеңіс мұраттарына негізделген мүмкін­дік­тердің теңдігі және ұлттық рух құндылықтары жатыр. Бүгінде мемлекеттік тіл – қазақ тілі Қазақстан халқын біріктіруші аса маңызды фактор, тәуелсіздік пен егемендікті қамтамасыз етудің тетігі, ерекше белгісі, нышаны бо­лып та­ны­лады. Ол адамның қан­дай да бір мемлекеттің азама­т­ты­ғын таңдауы­ның негізі. Мемлекеттік тіл – әркім­нің азаматтық және саяси құқық­тарын толық іске асы­руының, елдің қоғамдық саяси өмі­ріне толыққанды етене арала­суы­ның кепілі, жеке бә­се­кеге қабі­леттілігі мен тиімді әлеу­мет­тік қа­рым-қатынасының факторы. Тәуелсіздікті баянды етуде жә­не қазақ жерінің амандығы мен бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін басты жауапкершілік қазақ халқына жүктеледі. Осы тарихи жауапкершілікті орындау мақсатында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық ке­лісімнің өзіндік үлгісін қалып­тас­тыра отырып, Қазақстан этностар­дың мәдениеті мен тілдерін дамы­ту үшін жағдай жасауды қамта­ма­сыз етеді. Мемлекеттік этно­сая­саттың осы қағидасы өзінің сипа­ты бойынша бірегей институт бо­лып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінде ерекше орынды иеленеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бас­тамасымен 1995 жылы құрыл­ған бұл институт 16 жыл ішінде этно­саралық қатынастар мәселесі бо­йын­­ша азаматтық қоғам мен мем­ле­кет арасындағы өзара іс қимылды қамтамасыз етудің әмбебап тетігі ретінде, парламенттік өкілділігі бар институт ретінде, сондай-ақ қоғам­ды тұтастырып, ел бірлігін қалы­п­тас­тырушы құрал ретінде өзінің сан қырлы әлеуетін аша түсуде. Осы орайда, Мемлекет басшы­сы­ның елдегі этносаралық қаты­нас­тар мәселесіне ерекше ықыла­сына Тәуелсіздіктің жиырма жы­лы ішінде Қазақстан халқы Ассам­блеясына қатысты Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясына тү­зетулер енгізіліп, «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы туралы» арнайы Заң­ның, Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жеті бірдей Жарлы­ғы­ның қабылдануы, Ассамблея­ның ор­та мерзімге арналған (2011 жыл­ға дейінгі) стратегиясының іске асы­рылуы, өзінің ұйыстырушы әлеуеті жөнінен бірегей құжат бо­лып та­бы­латын, біздің полиэтнос­тық қо­ғам­ның даму басымдық­тары тура­лы стратегиялық бағдар­ламалық құжат – Қазақстанның ел бірлігі Доктринасының қабылда­нып, іске қосылуы айқын дәлел бола алады. Сонымен қатар, егер Тәуел­сіз­дік жылдары Қазақстанда мемле­кет­тiк сәйкестiлiгiн қалыптастыру, тіл сая­саты, «Қоғамның идеялық ұйы­суы Қазақстанның өсіп-өркен­деуі­нің шар­ты» тұжырым­дама­ла­ры­ның, 1997 жылғы «Қазақстан Рес­пуб­ли­касындағы тілдер тура­лы» Заң­­ның, Шетелде тұратын отандас­тарды қол­дау, Этносара­лық және кон­фес­сияаралық келi­сiм­нiң қазақ­стан­дық моделiн же­тiл­дiру, Тілдерді қолдану мен да­мыту мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­лары­ның әзірленіп, іске асырыл­ға­нын ескерсек, этносара­лық келісім мәселесі елімізде қоғам мен мем­лекет назарында орталық орын­ға ие екендігін аңғару қиын емес. Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның құрамына республикалық, аймақтық деңгейдегі 820-дан аса этномәдени бірлестіктер енген. Сондай-ақ оның институционалды құрамы тек этностық мәселелер шеңберімен ғана шектеліп қалған жоқ. Бүгінде оның айналасында журналистер қауымдастығы, ғы­лы­ми қоғамдастық, гендерлік жә­не кәсіпкерлік ұйымдардан тұра­тын азаматтық қоғамның сан сала­лы құрылымдары жұмыс істеуде. Осы айтылғандар негізінде Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы қо­­ғам­­да­ғы әлеуметтік сұраныс­тар­ды қа­на­ғаттандыруға жауап беретін бар­лық азаматтық қоғам инс­ти­тут­тары­ның басын біріктіретін, ұйыс­тыру­шы орталық болуы мүмкін деген ой туындайды. Мұндай тұжырым жасауға 2010 жылғы сәуірде Мемлекет бас­шы­сы мақұлдаған Қазақстанның ел бірлігі доктринасының ережелері де себеп бо­лады. Бүгінде Доктринаны іске асы­руға Қазақстан Үкіметі, 12 министрлік, 6 республикалық агент­тік, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, бар­лық жергілікті атқарушы органдар тартылған. Доктринаны іске асы­ру еліміздегі идеологияның да­муына, ел бірлігін нығайтуға, Қа­зақ­стан­ның 2020 жылға дейінгі стра­тегия­лық жос­парының жүзеге асуына қо­сыл­ған өлшеусіз үлес болып табылады. Бұл құжат қоғамды, барша азаматтар үшін ортақ құндылықтар мен қағидалар жүйесін тануға негізделген қоғамдық ұйысудың жа­ңа деңгейі – ел бірлігіне қол жеткізуге бастайды. Ол Тәуелсіздікті және қазақ жерінде құрылған мемлекеттікті дамытуды біздің ең басты құндылығымыз деп паш етеді. Доктринада ел бірлігіне қол же­т­­кізудің барлық бағыттары бо­йын­ша мынадай міндеттер айқын­дал­ған: ха­лық тұтастығының объек­тив­ті негізі ретінде экономиканы жаңартуға жә­не тиімділігін артты­ру­ға қол жеткізу, ел бірлігі мен қо­ғам­дық тұрақты­лық­тың берік әлеу­меттік негізін жасау мақсатында орта тапты қалыптас­ты­ру және Ұлт Рухын дамыту, нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру. Осыған орай, Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасымен Қазақ­стан­ның 2020 жылға дейінгі стра­те­гия­лық даму басымдықтарымен бай­ла­нысты еліміздің жедел ин­дуст­рия­лық-инновациялық даму бағдарла­ма­сын іске асыруға, қоға­м­ды әлеу­мет­тік жаңартуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және қазақ­стандық этносаясатты ғылыми ой елегінен өткізуге бағытталған Ассамблея қызметінің жаңа бағыт­тары қалыптасты. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына ар­налып өткізілген Қазақстан хал­қы Ассамблеясының әлеуметтік жауапкершілік форумы бұл салада Ассамблея әлеуетінің ашылмаған қыр­ларын көрсетіп берді. Форумға ауыл шаруашылығы өнімдерін өн­ді­ру, қай­та өңдеу, көмірсу­тектерді қайта өң­­деу, көлік және коммуникация, құ­рылыс және құрылыс ма­те­риал­дары, энергетика, метал­лур­гия, химия өн­ді­рісі, нана технология, қыз­мет көр­се­ту эконо­микасы салалары бо­йын­ша 61 индустриялық-иннова­ция­лық жобалар ұсынылды. Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясы және Индустрия жә­не жаңа технологиялар министр­лігі арасында экономиканы индуст­риялық-инновациялық дамы­ту сала­сын­дағы әріптестік жөнінде ынты­мақ­тастық туралы меморан­дум­ға қол қойылды. Ең бастысы, форум Қазақстан азаматтарын нақты істер­дің айналасында біріктіруге қол жеткізді, бұл экономикалық мүд­де­лер, өмір­лік мақсаттар мен құн­ды­лық­тар­ға арқа сүйейтін нағыз бірлік болмақ. Ал оның артында әлеу­меттік жауапкершілік пен қоғамды әлеу­мет­тік жа­ңартуға талпыну тұр. Ассамблеяның XIV сессия­сын­да Мемлекет басшысы осы мақсат­тарға қоғамдық қолдауды тарту жө­нінде міндеттер қойған болатын. Ол өз сөзінде «іскер адамдардың тұрақ­тылыққа қолдау көрсетуі, бұл ең алдымен олардың өзінің мүдде­лері­не сәйкес және бұл біздің болаша­ғы­мызға салынған инвестиция» деп атап көрсетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қар­саңында ел бірлігін нығайтуға, Қа­зақстан халқының тұтастығын бекітуге бағытталған батыл да анық қа­дам жасалды – Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясына мемлекеттік бағ­дарлама мәртебесін беру туралы тапсырма берді. Бүгінде стратегия жобасымен жұмыс жүргізілуде. Эт­но­мәдени бірлестіктер мен ғылыми-сарапшылық қауымдастықтардың әлеуетін тарта отырып, жасалған жа­ңа құжат жаңа идеялардың түйі­ні, біздің еліміздің жарқын келеше­гінің кепілі – ел бірлігін нығайту­дың жа­ңа дүмпуі болады деп сенеміз. Ералы ТОҒЖАНОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.