• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2018

Қытай компаниясы Қызылжарда ірі өндіріс орындарын салады

435 рет
көрсетілді

Қытайдың «Tielin Logistics Invest» компаниясы Қызылжар өңірінде ірі өндіріс орындарын салу мақсатында бірнеше жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Екі тараптың өзара уағ­далас­тығы бойынша индуст­риялық парк құ­рылып, сегіз жоба шең­­­­­­берінде пестицид­тер мен тыңайт­­қыштар, ма­­­шина жасау зауыт­тары, ло­ги­стикалық ор­талық, тағы басқа өн­дірістік ошақтар салы­натын болады. Ол үшін Қызыл­жар ауданы аумағынан 400 гектар жер телімі бөлін­ген. Қағаз-целлю­лоза комбинаты мен темір жол­дың екі желісінің құ­рылысы биыл бас­талады. Қаржылық жа­ғы­нан қамтамасыз етуді көр­­шілес елдің инвес­тор­лары өз міндетіне алған. 1,5 мың жұмыс орын­дары құрылады деп жобалануда.

Жуырда компания­ның бас директоры Жанг Кси­ум­инг бас­та­ған делегация өңір­ге кел­ген жұмыс сапарында М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақ­стан мем­лекеттік уни­­вер­ситетінің басшы­лығымен кездесіп, білік­ті кадрлар дайындау жа­йы қызу талқыланды. Ке­ле­шекте инженер,­ агроном, энергетик, биотехнолог ма­­ман­дық­тарына сұ­ра­­ныстың ар­татыны­ еске­ріліп, оларды тәжірибеден өт­кізу­дің, бәсекелестікке қа­­­рым­­­дылығын артты­ру­дың, жұ­мысқа ор­­­на­­­­лас­тырудың нақ­ты қа­дамдары атап­ көр­сетілді. Универси­тет­тің ректоры Серік Өмір­баев өз сөзінде Қы­­тай компаниясы салатын өндіріс орындарын жер­­­гілікті кадр­лар­мен толықтыруға әзір екен­дік­терін, мате­риал­дық-тех­никалық ба­заны жаңарту, профессор-оқы­­тушылар құ­ра­­мын ірік­теу жұмыстары жал­­ғасып жатқанын жет­кізді. Қытайлық ко­мпания өкілдері ұсы­нысты қабыл алып, жұ­мыс күші зәрулігі бірі­гіп шешілетініне, бар­лық қажетті жағ­дайлар жасалатынына сен­дірді. Оларды еңселі оқу орнының ауыл­ша­руашылық және тех­ни­калық әлеуеті де қы­зықтырды. Ауқымды жо­балар үш кезеңнен тұ­ра­ды. Алғашқысы жыл ая­ғына дейін пай­далануға бе­ріледі. Осылайша өзара келісіммен бекітілген меморандум шеңберінде ірі қара малға арналған жем-шөп өндірісі, агрохимия және ауыр өнеркәсіп саласындағы қолданбалы ғы­лыми-зерт­теулер кешенді түрде іске асырылады. Бұған қоса ал­дағы уақыт­та жергілікті сту­денттер қытай­лық озық кә­сіп­­орындарда тәжіри­беден өтіп, инвестициялық бағдар­ламалар бойынша салынатын зауыт­тарда еңбек ете алады.

– «Президенттің бес әлеу­мет­тік бас­тамасы» Үндеуінде атап өтілгендей, өнер­кәсіптік революция жағдайындағы жа­ңа экономикада зор сұра­нысқа ие жаңа маман­дар даярлау – бас­ты талаптардың бірі. Ме­мо­рандум негізінде жол картасы жасалып, жылына 10-15 студент Қы­тайда білік­тіліктері мен шеберліктерін шың­дап қайтады. Көр­шілес елде тұрып жатқан этнос­тық қа­зақ­тарды қыз­метке ша­­қырудың жолдары ой­лас­ты­рылған», деді ха­лық­аралық стратегия және ын­тымақ­тастық мәселелері жөніндегі проректор Айдос Мұқа­таев.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы