• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Жұмыс жандана түсті

403 рет
көрсетілді

Батыс Еуропа мен мұхиттың арғы жағын­да­ғы қуатты елдер қоғамның экономикалық ой­лауы мен бәсекелестік қабілетін қалып­тас­ты­ру­дағы мек­теп­тің қандай рөлі бар екендігін өткен 20-ға­сыр­дың басында түсінген еді. Міне, енді осы шаруаны өз елі­мізде де атқару қажет бол­ды. Ал­ғашында оқу-әдіс­­темелік құралдардың тек орыс тілінде ғана бо­л­­ғандығынан 1993 жылдан бастап орыс мектептерінде қолданбалы экономика пәні жүре бастады. Ал 1998 жылы Білім және ғылым министрлігі жал­пы білім беретін орта мектептерде экономикалық білім беру негіздері пәндерін факультатив ретінде, ал 2000 жылы 1-11 сынып ара­лықтарында «Достижение молодых- Jinior Achievement» қорының бағ­­­дарламаларын енгізу жөніндегі бұйрығының негізінде барлық мектептерде экономика пәнін жүр­гі­зу­ді қолға алды. Біздің облысымызда құрыл­ған қо­ғамдық қор 1995 жыл­дан бастап, экономи­ка­лық білім негіздері бағы­тын­да әдіскер жаттық­ты­ру­­шы­лар дайындап, республика көлемінде мұ­ға­лімд­ер­дің білімін жетілдіруге арналған тренинг-семи­нар­ларын жүргізіп, оны күні бүгінге дейін жалғас­ты­рып келеді. Со­лар­дың қатарында мен де қызмет етудемін. 2000 жылы Маңғыстау облы­сын­да «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры қызметін белсенді атқара бастады. Облыстық білім басқар­ма­сымен тығыз қарым-қатынас орна­тылып, мұға­лім­­дердің білімін жетілдіруге бағытталған тренинг-семинарлар, оқушылар­дың экономикалық бі­лім­ге құш­тар­­лығын арттыру үшін олимпиадалар, жаз­ғы «Жас кәсіпкер» лагерлері, жас кәсіп­кер­лер жәр­­мең­ке­ле­рі, бос вакансиялар жәрмең­ке­сі, эко­но­­ми­ка менедж­ментін модельдеу, компьютерлік са­йыс ойындары, тағы да басқа жобаларды жүзеге асыр­дық. 2004 жылдан бастап ішкі саясат бас­қар­ма­сымен қарым-қатынасымыз да жолға қо­йыла бастады. 2005 жылы Қазақстанның ІІ Азаматтық фо­ру­мы­ның алдында республика көлемінде Аза­мат­тық альянс құру жөнінде шешім қабыл­дан­ды. Со­лар­дың алғашқылары болып 2005 жыл­дың қыр­күйек айында азаматтық қоғамды да­мы­ту мақ­са­тын­да «Маңғыстау облыстық Аза­мат­­тық альян­сы» заңды тұл­ғалар бірлестігі өз қызметін баста­ды. Облыс­тың белсенді ҮЕҰ-лар қонфере­н­ция­сын­да бірлес­тік­тің президенті қыз­­метіне мені сай­лады. 2000 жылдан бері әкім­­дікпен және бизнес компаниялармен серіктес болған тәжірибең бар, жас­сың деп қош­тап жіберген соң облыстық ұйымның бас­шы­сы бо­лып шыға келдім. Бәрі оңай жүрді, бәрі үкі­мет­тік емес ұйымдардың сая­сатын бірден түсінді деп айтсам ол өтірік болады. Талай қызық жайт­­тар­ды, жеңістер мен жеңіліс­терге толы жыл­дар­ды басымыздан өткердік. 2005-жыл­дардан бастап, ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау бағдарла­ма­лары болғанымен, мемлекеттік органдар бұл туралы көп біле бермейтін. 2006 жылдан бастап, ҮЕҰ жетек­ші­лері мен жергілікті атқарушы билік орган­дары жетекшілерінің басын қосып семинарлар, дөң­ге­лек үстелдер өт­кізе баста­дық. Тек облыс көле­мін­де ғана емес аудан-ауылдық жерлерді аралап, облыс тұрғын­дары­мен кездесу жүр­гі­зіп, азаматтық қоғамды дамы­ту­дың мән-мақ­са­ты­н түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргіздік. Осы ке­зең­де облыстық ішкі саясат бас­қармасының ҮЕҰ-ларды қолдау бағы­тын­да мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы есебінен үшінші секторға бюджеттен қаржы бөлінуі аз да болса қоғамдық бірлестік­тер­дің белсенділігін арт­тыруға көмегін тигізді. Нақты жоба­лар­ды жүзеге асы­ратын, әлеуметтік тапсыр­ма­ларды орындай­тын ҮЕҰ-лар саны молая бас­тады. Ұрымтал тұсты пай­даланып, түрлі әлеу­мет­тік мәселелер бойын­ша дөң­гелек үстелдер өткізу­ді жиілете түстік. Жергілікті атқарушы билік тарапынан да тек түсіністік қана емес, пікірлес серіктестер дең­ге­йі­не жеттік. Облыстағы әр бағыттағы ҮЕҰ-ның да жұмысы жанданып, қоғамдық ұйымдардың көш­басшы тұлғалары қалыптасты. Билікпен, бизнеспен бірлесіп, атқарылған жұмыстардың бәрі­нің нәтижесін біз бүгін көріп те отырмыз. Қазір тек облыстық емес, аудан -ауылдық жергілікті билікпен ынтымақтаса отырып, әлеуметтік мәселе­лер­ді шешу жолдарын іздестіріп, ортаға салып тал­қылап, оңтайлы тұстарын облыс әкімдігіне ұсыну тәжірибесі қалыптасты. Қоғамдық бірлестіктер облысымыздың аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарында бой көтере бастады. Олар аймақтың қоғамдық саяси өміріне белсене араласуда. Бүгін­де «Мұнайлы аудандық азаматтық бастама» қо­ғам­дық бірлестігі ауданның ширыққан әлеуметтік мәселелері кезеңдерінде билік пен халық ара­сын­дағы дәнекерлік қызметін ойдағыдай атқарса, «Маң­ғыстау аудандық азаматтық бастама» қоғам­дық бірлестігінің жастар мәселесі және азамат­тар­дың белсенділігін арттыру бағытындағы істері үлкен өнеге болып отыр. «Түпқараған аудандық азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі «Са­ла­матты Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асы­ры­луы­на үлес қосса, «Қарақия аудандық азамат­тық бастама» қоғамдық бірлестігі сыбайлас жем­қор­лықтың алдын алу бағытындағы іс-шара­лары­на жастарды, ауыл тұрғындарын тартып, үгіт-на­сихат жұмыстарын жүргізуде. «Жаңаөзен қала­лық азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі 2010 жыл­дан бері 15-тен астам әр саладағы ҮЕҰ ашылуы­на ықпал етіп, азаматтық қоғам инс­ти­тут­тарының кең қанат жаюына қолдау көрсетті. «Бей­неу ауданының азаматтық бастамасы» қоғам­дық бірлестігі де Ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғын­да мәдени шараларда белсенділік танытуда. Қоғам болған соң қайшылықсыз болмайды, аймағымыздың жетістігі де, өткір өзекті мәсе­ле­сі де бар. Бәрі бір күнде шешімін таппай­тыны айтпаса да түсінікті, әрбір азамат қоғам өміріне арала­­сып, жауапкершілікті бірге сезіну қажет деп есептеймін. Жақсыгүл МАХАНБЕТОВА, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы. Ақтау.