• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Елім менің еңселі

582 рет
көрсетілді

Мен ел тәуелсіздігінің арқа­сын­да ат жалын тар­тып мінген азамат кезімде атамекенге келіп, еңбекке араласқан қарапайым қа­зақ­тың бірімін. 1999 жы­лы орал­мандардың республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігі құрыл­ғанда, соның төрағасы болып сай­ландым. 2000-жылдардан бастап шеттен келген ағайындардың әлеу­мет­­тік мә­се­лелері аса күрделене түскені белгілі. Үкіметке осы мә­се­лелерді екі­жақ­ты тиімді шешу­дің жол­дарын ұсындық. Өкініш­ке орай, ол кезеңде біздің бұл ұсы­ныс­тарымыз қолдау таппады. 2001 жылы Астанада Парламент па­ла­таларының бірлескен оты­­ры­сында нақтылы ойларымызды де­путаттарға жеткіздік. Қоныс ау­дар­­ған ағайындардың барлы­ғын мем­­лекеттен баспаналы бол­дыру, жұмыспен қамту мүмкін емес. Және оның зиян жақтары да бар. Дайын асқа тік қасық бол­ғысы келгендердің қа­та­ры кө­бейіп, ол адам­­дарды бір жа­ғы­нан масыл­дыққа тәрбиелейді. Сон­дық­­тан, олар­ға баспана салуға, фер­мерлік шаруа­шы­лық­т­ар жүр­гі­зуге жер телімдерін беру және же­ңіл­дікті несие жүйесін жасау арқы­лы олар­дың өз мәселелерін өздері шешуіне мүмкіндік жасау қажет деген мәселе көтерген бо­латынбыз. Біз осы жобаның бастамасы ретінде Ал­маты қаласынан жұ­мыс ұйымдастыруға ық­пал етуді ұсындық. Ұсы­ныс­­тарымыз Ел­ба­­сы­ның және депу­тат­тар­дың тара­пы­нан қолдау тауып, 2001 жы­лы Ал­маты қаласынан Байбесік ауы­лының іргета­сын қалауға мүм­кін­дік алдық. Қазір, бұл ауылда 200-ден астам отбасы баспаналы болумен қа­тар жаңадан көшіп келушілерге, шетелден келетін ағайын­дар­ға табан тірейтін жайлы мекенге айнал­ды. Бұл жоба мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасының жасалуы­на үлкен тәжірибе бол­ға­нын Ел­ба­сы белгілеген болатын. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы 13 қарашада респуб­ликалық телеарналар бойынша өт­кен тікелей желідегі сұхбаты ба­­­рысында оңтүстіктегі Асар ауы­лы, Алматының түбіндегі Бай­бесік ауы­­лы және Солтүстік Қазақ­стан­дағы жаңадан құрылып жатқан орал­ман­дар ауылына тоқ­тала келе, ондай нысандардың дұ­рыс да­митын­ды­ғы­на сенім білдіріп, осы секілді елді мекен­дер­дің Қазақ­стан­да әлі де бой көтере­ті­нін атап өтті. Қазіргі таңда бұл жоба Ал­ма­ты, Ақ­мола, Павлодар, Шығыс Қазақ­стан облыстарында жалға­сын табуда. Елордамыз Астана қаласында «Нұрбесік» тұрғын үй кешенінің жобасы бекітіліп, іргетасы қала­на бастады. Бұл атқарылған істер ел тәуелсіздігінің, еркін мемлекеттік саясаттың жемісі. Өз қандастарының атамекенге оралуын мемлекеттік саясат дең­гейін­де қарап отырған әлем­де­гі 3 мемлекеттің бірі ретінде Қазақ елі­нің жинақтаған тәжіри­бе­лері, қол жеткізген жетістіктері мақтаныш­пен айтарлықтай. Алайда, мемлекеттің мүмкін­ші­ліктері мен қажеттіліктерін салалай келсек, жіберген олқы­лық­тар да аз емес. Әсіресе, Ел­ба­сы­ның көшіп келу квотасының санын жылына 20 мың отбасына дейін кө­бейту тура­лы шешімі орында­л­май, оған мемлекеттен бөлінген қыруар қаржы игерілмей жатқаны өкінішті-ақ. Бұ­ған көші-қон сала­сы­ның құқықтық тетіктері мен бас­қару жүйесінің дәр­менсіздігі бас­ты себепкер. Мы­са­лы, Астана қаласынан бой көтер­гелі отырған «Нұрбесік» тұр­ғын үй кешеніне мемлекеттік тұрғын бағ­дар­ламасы шеңберін­де қолдау табу­ға тиісті ме­кемелерге 3 жылдан бері ұсы­ныс кіргізсек те нәтижесіз, болуда. Ал, квота орындалмайды, қар­жы игерілмейді. Сол, бөлінген қар­жы­­ны игерудің нақты тетіктерін жа­сау арқылы қайтарымды түрдегі несие жүйесіне келтірсе мемлекетке де келген ағайынға да тиімді емес пе!? Еліміздің егемен болғанына дәл сырттағы қазақтай қуанған аз болған шығар. Шүкіршілік, Ота­ны­­мызға келіп, Тәуел­сіздік­тің 20 жылдығын атап өтіп жатқаны­мыз­ға Жаратушы иеге тәубемізді айтамыз. Қайрат БОДАУХАН, оралмандардың рес­пуб­ликалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.