• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2011

Жер жарасы жазылғандай

555 рет
көрсетілді

Кеңес өкіметінің зор­лы­ғын қатты кешкен өңір Семей болды десем, еш қа­те айт­­­қан­дық болмас. Мен Қай­­нар ауы­лы­ның тұр­ғы­ны­мын. Атом жа­рылысы бол­ған кезде біз мал азы­ғын да­йындап жүр­генбіз. Жоғары­дан пішен даярлау қажет деп берілген тап­сыр­мамыз бар, әскери­лер көшіріп тас­та­ған уақытында олар қыр асып кеткен соң баяғы орны­мызға қайтып келіп, шөп оратын­быз. Өйткені, бізге жоға­ры­ға мәлі­мет беру керек еді. Су ішпе дейді, қайдан, шөлдеп жүр­ген трак­тор­шылар ішуге болмай­тын құдық­тар­дан су ішетін. Сол жердің туып-өскен аза­маты болғандықтан 40 жылғы жарылыс­ты көзіміз көрді. Қазір менің 3 балам мүгедек. Зейнеткерлікке шық­қан­нан кейін БҰҰ Даму бағдар­ламасы бо­йын­ша Семей поли­го­нынан зардап шеккен ауылдардың әлеуметтік жағ­да­йын жақсартуға мақсатты қай­та­рымсыз гранттар беріледі деген соң соны алу үшін жұмыс жасап, жеңіп ал­дым. Ха­­­лық­ара­лық қор­лар мен өз еліміздегі түрлі жобаларға қаты­сып, 13 бағдар­ла­ма­ны жү­зе­ге асырдық. Нәти­же­с­інде, бір ауылда клуб, бір ауылда емхана, бір ауылда ба­ла­­бақ­ша мен бас­тауыш мектеп сал­дық. Үкі­меттік емес ұйымдар­дың қо­лы­­нан егер ынта болса барлығы келетініне жұрт­шы­лық­тың көзі жет­ті. Қазір бұ­рынғыдай емес, билік те бізбен біріге қи­мыл­дау­ға әзір­ліктерін білдіреді. Жалпы, атамыз қазақ айтқандай, «Жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл» ғой. Бірақ полигонның уын ішкен халық үшін бұл атқарылып жүрген жұмыстар тым аз. Аудан жұрт­шы­лығы қажет қаға­зын алу үшін Семейге жол тар­туы тиіс, бұл онсыз да ыңыр­шағы айналып отырған елге оңай шаруа емес. Дегенмен, 20 жыл ішінде жер жарасы жазылып қалғандай. Осы­ған қуанамыз. Өміржан ЖАҚЫПОВ, «Бірлестік» қоғамдық қорының президенті. Семей.